ӨКIНIШ

Бес мезгіл сәтi бақыттың, Бағалап жатыр оны кiм. Ысырап болған уақыттың, Толтырам қайтып орынын. Күнаһар болу кiмге оңай, Имансыз жаннан тән азды. Керiлiп жатқан күндер-ай, Елемей таңғы намазды. Жабылар жәннат есiгi, Болмаса бөгет еш тыйым. Қаза боп кеткен бесiнi, Күндердің құны бес тиын. Сау басым дауға iлiктiң, Шашылмас жерде шашылдым. Асыр сап босқа жүрiппiн, Уақытында Асрдың. Ертерек мұны білгенде, Құламас едiм жыраға. Күн батып ''Ақшам'' кiргенде, Мен батып жүрдім күнәға. Бiлмеймiн кiмге қырсығып, Шайтанға жүрдім сыңар боп. Құптанда қылмай құлшылық, Қызыққа жүрдім құмар боп. Нәпсімді ерте жеңгенде, Жүрмес ем босқа секiрiп. Ораза айы келгенде, Тойғаннан жүрдім кекiрiп. Той тойлап, таңды таңға ұрып, Дертiмнiң таппай бiр емiн. Қадір түнiнде қаңғырып, Қадірсіз болып жүр едiм. Түгелдеп барлық жоғымды, Әлекпен жүрдім әрдайым. Тау-тасқа талай соғылды, Сәждеден қашқан маңдайым. Жүректе қазiр маза жоқ, Кеш ұқтым сөзiн Құдайдың. Намазы кеткен қаза боп, Жылдарым үшін жылаймын. Алдында жатқан көлденең, Нәпсісін жеңген батырмын. Өлімге барар жолменен, Өмiрде жүрiп жатырмын! Арман БЕРДАЛИН.

Бес мезгіл сәтi бақыттың,
Бағалап жатыр оны кiм.
Ысырап болған уақыттың,
Толтырам қайтып орынын.

Күнаһар болу кiмге оңай,
Имансыз жаннан тән азды.
Керiлiп жатқан күндер-ай,
Елемей таңғы намазды.

Жабылар жәннат есiгi,
Болмаса бөгет еш тыйым.
Қаза боп кеткен бесiнi,
Күндердің құны бес тиын.

Сау басым дауға iлiктiң,
Шашылмас жерде шашылдым.
Асыр сап босқа жүрiппiн,
Уақытында Асрдың.

Ертерек мұны білгенде,
Құламас едiм жыраға.
Күн батып ''Ақшам'' кiргенде,
Мен батып жүрдім күнәға.

Бiлмеймiн кiмге қырсығып,
Шайтанға жүрдім сыңар боп.
Құптанда қылмай құлшылық,
Қызыққа жүрдім құмар боп.

Нәпсімді ерте жеңгенде,
Жүрмес ем босқа секiрiп.
Ораза айы келгенде,
Тойғаннан жүрдім кекiрiп.

Той тойлап, таңды таңға ұрып,
Дертiмнiң таппай бiр емiн.
Қадір түнiнде қаңғырып,
Қадірсіз болып жүр едiм.

Түгелдеп барлық жоғымды,
Әлекпен жүрдім әрдайым.
Тау-тасқа талай соғылды,
Сәждеден қашқан маңдайым.

Жүректе қазiр маза жоқ,
Кеш ұқтым сөзiн Құдайдың.
Намазы кеткен қаза боп,
Жылдарым үшін жылаймын.

Алдында жатқан көлденең,
Нәпсісін жеңген батырмын.
Өлімге барар жолменен,
Өмiрде жүрiп жатырмын!

Арман БЕРДАЛИН.

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін