Менің атым – Абдурахман

Бұл – кітаптан алынған әз есімім, Алла берген ниетпен несібім. Бұл ұғымның тарауы бар сан тарау. Мүмкін емес бәрін бірдей қайталау. Алланы сен теңдесі жоқ бір деп біл, Бар әлемге мәңгілікке нұр деп біл. Есімдегі құл дегенің – құлшылық, Нұр дегенің Алла берген тіршілік. Құлшылық ет, Құдайға міндетті ісің, Өйткені сен Мұхаммед үмбетісің. Нұр дегенің Алланың ақ арайы, Сол үшін бас иетұғын сарайы. Арайлы ақ таңда да. Түнгі тылсым маңда да, Бар ниетпен беріліп, Құлшылық ет Аллаға!

Бұл – кітаптан алынған әз есімім,
Алла берген ниетпен несібім.
Бұл ұғымның тарауы бар сан тарау.
Мүмкін емес бәрін бірдей қайталау.
Алланы сен теңдесі жоқ бір деп біл,
Бар әлемге мәңгілікке нұр деп біл.
Есімдегі құл дегенің – құлшылық,
Нұр дегенің Алла берген тіршілік.
Құлшылық ет, Құдайға міндетті ісің,
Өйткені сен Мұхаммед үмбетісің.
Нұр дегенің Алланың ақ арайы,
Сол үшін бас иетұғын сарайы.
Арайлы ақ таңда да.
Түнгі тылсым маңда да,
Бар ниетпен беріліп,
Құлшылық ет Аллаға!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін