Тілдік нұсқа
Радио

АҚЫНДАР

Алмас ТЕМІРБАЙ
Ақын Алмас ТЕМІРБАЙ 1979 жылы 22 қаңтарда бұрынғы Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы
 Ортақ ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінде және Көкшетау мемлекеттік университетінің саясаттану факультетінде білім алған. «Аллажар», «Жұмақ жұрт», «Автопортрет», «Мың бір мұң» атты өлең кітаптарының авторы
Кешіре гөр құлынды, Алла!
11 қаңтар, 2018 жыл 250 Басып шығару нұсқасы

Кешіре гөр құлынды, Алла,
Қолын жайып тұрған мына.
Зорға жеттім осы күнге,
Тұла бойым - толған күнә!
Сол күнәдан арылатын,
Ғұмыр берші, уақыт берші.
Үлкен байлық қажет емес,
Бір кішкентай бақыт берші!
" Лә иләһә илла-Аллах", -деп,
Бір жеңілдеп қалды денем.
Жиған дүнием жұғын болмас,
Иман берші алдыменен...

Құдіретті, қуатты Алла,
Мейірімді, шуақты Алла!
Бұл дүниеде жылатсанда,
О дүниеде жылатпа Алла!
Мың көпірден құлатсанда,
Қылкөпірден құлатпа Алла!
Жын-шайтанға жуытпа Алла,
Жүрегімді суытпа Алла!
Тәубемнен кейде жанылып,
Пендешілікке салынып,
Мен сені ұмытсамда,
Сен мені ұмытпа Алла!

Жылау үшін жаратты, Алла,
Жыла, жаным, жыла жүрек.
Сұрау үшін жаратты, Алла,
Сұра, тілім, дұға тілеп!
Жолым қалсын үлгі болып,
Орындалсын бес парызым.
Қалмаса екен мойынымда,
СұбаханАлла, еш қарызым.
Осы өлеңнің сауабын бер,
Маған емес оқырманға...
Шындығы үшін дін-Исламның,
Шыбын жаным құрбан, Алла...

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары