Тілдік нұсқа
Радио

АҚЫНДАР

Арман Бердалин (ақын)
Бердалин Арман Тілектесұлы-1983 жылдың 10-шы желтоқсанында СҚО,Ақжар ауданы ( бұрыңғы Көкшетау облысы,Ленинград ауданы),Айсары ауылында дүниеге келген. Жетістіктері: -1991-1992 жылдардағы Республикалық «Әнші балапан» байқауының жеңімпазы; -1995 жылы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына өткен оқушылар айтысының жүлдегері; -1996 жылы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына өткен айтыстың жүлдегері; -1997 жылы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына арналған айтыстың жүлдегері; 2002 жылы Атырауда өткен Махамбеттің 200 жылдығына арналған айтыста I-орынға ие болды; -2003 жылы Мағжан Жұмабайұлының 110 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында II-орынға ие болды; -2003 жылы ағартушы ғалым Сейтен Сауытбековтың 95 жылдығына арналған Айтыста Бас жүлдені жеңіп алды; -2003 жылы Астана Дулат Бабатайұлының 200 жылдығына арналған айтыста Ерік Асқаров атындағы жүлденің иегері; -2004 жылы Көкен Шәкейұлының 80 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2004 жылы Москвада Қазақстан-Ресей достығына арналған Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2004 жылы Қырғызстанда өткен Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2005 жылы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2005 жылы Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұлованың 80 жылдығына арналған айтыста I-орын; -2006 жылы Қостанай облысының 70 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2006 жылы Ақтөбе қаласында Шығанақ Берсиевтың 125 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2009 жылы Түркияның Ерзурум, Анкара қалаларында өткен Түркітілдес елдердің арасында Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2009 жылы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының және «Асыл арна»телеарнасының ұйымдастыруымен өткен Республикалық ақындар мүшәйрасында Бас жүлдені жеңіп алды; -2010 жылы СҚО-да Сәбит Мұқановтың 110 жылдығына арналған айтыста Бас жүлдені жеңіп алды; -2011 жылы Алматы облысында Ақсу ауданының 80 жылдығы және Біржан мен Сараның айтысының 140 жылдығына арналған ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды. -2011 жылы Президенттің жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен наградталған. -2013 жылы Әзірет Сұлтан мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Текті сөздің төресі - терме» атты Республикалық мүшайрада Бас жүлдені жеңіп алды. -2013 жылы ҚР Президентінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. -2013 жылы «Құрметті қажы» төсбелгісімен марапатталған. -2015 жылы Президенттің жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған. -2015 жылы Атырау қаласында өткен Халықаралық ақындар мүшәйрасында Бас жүлдені жеңіп алды. -2016 жылы Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының мүшесі. -2016 жылы Президенттің жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен наградталған. -2018 жылы Президенттің жарлығымен «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.       Бұдан басқа да 70-тен астам айтыстарға қатысып, жүлдегер атанған.   -2004 жылы «Айсары» атты жыр жинағы жарық көрді; -2006 жылы «Арманның айтыстары»атты DVD дискісі шықты; -2008 жылы «Қазақ пен арақ»атты жыр жинағы шықты; -2008 жылы «Қазақ пен арақ»атты деректі фильмі шықты; -2013 жылы «Жүрші, әке, намазға жығылайық» атты жыр жинағы шықты. Бұдан басқа да 10-нан астам антологияларға өлеңдері шыққан;   Көкшетау Университетінің 2010 ж; «Көкше» Академиясының 2012 ж. түлегі.   -2001 жылы аймақтық «Бұқпа!» газетінің корреспонденті; -2002 жылы республикалық «Алаш үні» газетінің корреспонденті; -2006 жылы «Көкшетау»МС-ның көркемдік жетекшісі; -2007 жылы «Көкше»МҮ-нің директоры. -2010 жылы М.Жұмабаев атындағы Ақмола облысының әмбабап ғылыми кітапханасының директоры. -2014 жылы Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы. -2017 жылдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі Департамент директоры.   Отбасылық жағдайы: Үйленген. Жұбайы-Бердалина Алуа Жамбылқызы (1984ж.т) Ұлы -Тілектес Темірұлан Арманұлы (2004ж.т) Ұлы -Тілектес Марғұлан Арманұлы (2007ж.т) Қызы-Тілектес Мөлдір Арманқызы (2009ж.т) Ұлы-Тілектес Әмірұлан Арманұлы (2010ж.т) Ұлы – Тілектес Науан Арманұлы (2015 ж.т)
Бердалин Арман Тілектесұлы-1983 жылдың 10-шы желтоқсанында СҚО,Ақжар ауданы ( бұрыңғы Көкшетау облысы,Ленинград ауданы),Айсары ауылында дүниеге келген. Жетістіктері: -1991-1992 жылдардағы Республикалық «Әнші балапан» байқауының жеңімпазы; -1995 жылы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына өткен оқушылар айтысының жүлдегері; -1996 жылы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына ...
Жалғанда!..
17 сәуір, 2019 жыл 44 Басып шығару нұсқасы

Жалғанда!.. 
Намаз – қымбат, малдан, тіпті жаннан да, 
Ақыретте болып қалма арманда!
Бұл сөзімнің түсінерсің астарын, 
Қара басың қауқайып, 
Қабіріңде жалғыз өзің қалғанда. 

Жан тәніңнен қош айтысып ұшқанда, 
Мал-дүниең айналады дұшпанға.
Бұл сөзімнің түсінерсің астарын, 
Қара жерді құшқанда. 
Кінәң менен күнәң үшін азаптап, 
Қабырғаңды қабіріңмен қысқанда. 

Алла бізге өмір дәмін татырып, 
Жанымызды алар қайта шақырып. 
Содан кейін таразыға салады, 
Сағатың мен сәттеріңді сапырып. 
Құл да болсаң бөленерсің құрметке, 
Құлшылықпен жүрсең таңды атырып. 

Сондықтан да намаз оқы құлшынып, 
Аяқ қирап қалмайды одан тіл сынып. 
Біздер келдік мынау бес күн жалғанға, 
Бес уақыт жасау үшін құлшылық. 
Орман болып айналады панаңа, 
Тірлігіңде егіп кетсең бір шыбық. 

Аллаһ (жәллә жәләлуһу) қаласа,
Тастар жұмсақ, таулар болар аласа.
Жинап жүрген дүниең мен мүлкіңіз,
Ажал келсе бола алмайды араша.
Пайғамбардан (с.ғ.с) асатын бай болмас еді,
Алтын, күміс ахиретке жараса.

Мәз боламыз мәнсіз өмір сүргенге,
Бар нәрсенің жоқ болуы бір демде.
Өлім жайын ойламаймыз жалғанды,
Жалпағынан басып тірі жүргенде.
Бір әңгіме берейінші баяндап,
Өткен күннен өнеге көп білгенге...

...Дүниеден өткен екен бір адам,
(Бұл өмірде жүрер мәңгі кім аман).
Көргеннен соң көрде бәрін көзбен,
Өлгеннен соң өкініштен жылаған.
Рахман әрі Рахим*болған Алладан,
Күнәларын кешіруін сұраған.

Бірақ бәрі кеш еді,
Бейбақ екен маңдай соры бес елі.
Барар жері жұмақ па әлде тозақ па, 
Оны Аллаһ Әл-Хакаму** шешеді. 
Енді азап тартып жатыр қиналып, 
Күнәсі үшін кешегі. 

Күнәсі үшін баяғы, 
Жауап берер жауапты сәт таяды. 
Тәнін талап жан-жағынан жеп жатыр, 
Қара жердің құрт-құмырсқа шаяны. 
Жалынбаған Жаратқанға күні үшін, 
Жалындаған от құшағын жаяды. 
Уақытыңның қадіріне жетпесең, 
Бақытыңның осы болар аяғы. 

Қайғы бұлты басын торлап қаптаған, 
Бұрын мұндай азап дәмін татпаған. 
Кенет біреу жетіп келді қасына, 
Сақалы мен шашы аппақ мақтадан. 
Шапанымен оттан қалды қалқалап, 
Жаны менен тәнін қинап қақтаған. 
Бұл бейшара есін жинап алған соң: 
- Кімсің,-деді,-мені оттан сақтаған. 

- Кімсің,-деді,-тұрған маған жаны ашып, 
Елсіз жерде не істеп жүрсің адасып. 
Естігенді көзбен көріп жатырмын, 
Жүруші едім болашаққа бал ашып. 
Мен жасаған обалым мен сауабым, 
Таразыға тартылып тұр таласып. 

Көзден аққан көлдей жасын құрғатып, 
Әлгі адам былай деді тіл қатып: 
- Қабірдегі тартып жатқан азабың, 
Сен түгілі маған да тұр шын батып. 

Бұл дертіңнің тауып берер кім емін?.. 
Бұдан ауыр азап барын білемін. 
Ораза ұстап, намаз оқып бес уақыт, 
Тәубесіне келген құлдың бірі едің. 
Мен боламын намазың мен оразаң, 
Сенің екі дүниедегі тірегің. 
Әмірімен Әл-Мужибу*** Алланың, 
Құтқаруға саған келіп тұр едім... 

Бір аздан соң есін жиып, тасынып, 
Әлгі адам былай деді ашынып: 
- Ертеректеу маған неге келмедің, 
Басқа төнген бар пәлені қашырып. 
Қайда жүрсің Жаратқанның жіберген, 
Маған деген жақсылығын жасырып?!. 
Уақытыңда келгеніңде мен бұлай, 
Жатпас едім сүйектерім шашылып. 

Деп бейшара ағыл-тегіл жылап тұр, 
Жанарында жауабы жоқ сұрақ тұр. 
Ал ақсақал: - білгің келсе себебін, 
Деді, - менің айтқаныма құлақ түр. 

Жақсылыққа жасамастан еш үгіт, 
Қанша күнді босқа өткіздің есіріп. 
Әл-Ғаффару**** Аллаһ сенің күнәңді, 
Сонда дағы тұрған жоқ па кешіріп. 
Неге ерте келмедің деп сен маған, 
Ашуланып, қарамашы тесіліп. 
Сен де мені есіңе ерте алмадың, 
Мен де саған келіп тұрмын кешігіп!..

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары