Тілдік нұсқа
Радио

АҚЫНДАР

Арман Бердалин (ақын)
Бердалин Арман Тілектесұлы-1983 жылдың 10-шы желтоқсанында СҚО,Ақжар ауданы ( бұрыңғы Көкшетау облысы,Ленинград ауданы),Айсары ауылында дүниеге келген. Жетістіктері: -1991-1992 жылдардағы Республикалық «Әнші балапан» байқауының жеңімпазы; -1995 жылы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына өткен оқушылар айтысының жүлдегері; -1996 жылы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына өткен айтыстың жүлдегері; -1997 жылы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына арналған айтыстың жүлдегері; 2002 жылы Атырауда өткен Махамбеттің 200 жылдығына арналған айтыста I-орынға ие болды; -2003 жылы Мағжан Жұмабайұлының 110 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында II-орынға ие болды; -2003 жылы ағартушы ғалым Сейтен Сауытбековтың 95 жылдығына арналған Айтыста Бас жүлдені жеңіп алды; -2003 жылы Астана Дулат Бабатайұлының 200 жылдығына арналған айтыста Ерік Асқаров атындағы жүлденің иегері; -2004 жылы Көкен Шәкейұлының 80 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2004 жылы Москвада Қазақстан-Ресей достығына арналған Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2004 жылы Қырғызстанда өткен Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2005 жылы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2005 жылы Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұлованың 80 жылдығына арналған айтыста I-орын; -2006 жылы Қостанай облысының 70 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2006 жылы Ақтөбе қаласында Шығанақ Берсиевтың 125 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2009 жылы Түркияның Ерзурум, Анкара қалаларында өткен Түркітілдес елдердің арасында Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2009 жылы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының және «Асыл арна»телеарнасының ұйымдастыруымен өткен Республикалық ақындар мүшәйрасында Бас жүлдені жеңіп алды; -2010 жылы СҚО-да Сәбит Мұқановтың 110 жылдығына арналған айтыста Бас жүлдені жеңіп алды; -2011 жылы Алматы облысында Ақсу ауданының 80 жылдығы және Біржан мен Сараның айтысының 140 жылдығына арналған ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды. -2011 жылы Президенттің жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен наградталған. -2013 жылы Әзірет Сұлтан мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Текті сөздің төресі - терме» атты Республикалық мүшайрада Бас жүлдені жеңіп алды. -2013 жылы ҚР Президентінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. -2013 жылы «Құрметті қажы» төсбелгісімен марапатталған. -2015 жылы Президенттің жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған. -2015 жылы Атырау қаласында өткен Халықаралық ақындар мүшәйрасында Бас жүлдені жеңіп алды. -2016 жылы Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының мүшесі. -2016 жылы Президенттің жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен наградталған. -2018 жылы Президенттің жарлығымен «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.       Бұдан басқа да 70-тен астам айтыстарға қатысып, жүлдегер атанған.   -2004 жылы «Айсары» атты жыр жинағы жарық көрді; -2006 жылы «Арманның айтыстары»атты DVD дискісі шықты; -2008 жылы «Қазақ пен арақ»атты жыр жинағы шықты; -2008 жылы «Қазақ пен арақ»атты деректі фильмі шықты; -2013 жылы «Жүрші, әке, намазға жығылайық» атты жыр жинағы шықты. Бұдан басқа да 10-нан астам антологияларға өлеңдері шыққан;   Көкшетау Университетінің 2010 ж; «Көкше» Академиясының 2012 ж. түлегі.   -2001 жылы аймақтық «Бұқпа!» газетінің корреспонденті; -2002 жылы республикалық «Алаш үні» газетінің корреспонденті; -2006 жылы «Көкшетау»МС-ның көркемдік жетекшісі; -2007 жылы «Көкше»МҮ-нің директоры. -2010 жылы М.Жұмабаев атындағы Ақмола облысының әмбабап ғылыми кітапханасының директоры. -2014 жылы Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы. -2017 жылдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі Департамент директоры.   Отбасылық жағдайы: Үйленген. Жұбайы-Бердалина Алуа Жамбылқызы (1984ж.т) Ұлы -Тілектес Темірұлан Арманұлы (2004ж.т) Ұлы -Тілектес Марғұлан Арманұлы (2007ж.т) Қызы-Тілектес Мөлдір Арманқызы (2009ж.т) Ұлы-Тілектес Әмірұлан Арманұлы (2010ж.т) Ұлы – Тілектес Науан Арманұлы (2015 ж.т)
Бердалин Арман Тілектесұлы-1983 жылдың 10-шы желтоқсанында СҚО,Ақжар ауданы ( бұрыңғы Көкшетау облысы,Ленинград ауданы),Айсары ауылында дүниеге келген. Жетістіктері: -1991-1992 жылдардағы Республикалық «Әнші балапан» байқауының жеңімпазы; -1995 жылы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына өткен оқушылар айтысының жүлдегері; -1996 жылы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына ...
ҚАЗАҚ пен АРАҚ
17 сәуір, 2019 жыл 121 Басып шығару нұсқасы
Бұл арақты ішіп еді қай бабаң?!.  Ішпек түгілі ауызын да шаймаған.  Аллаһ бізге арам деді арақты  Зияны көп болғаннан соң пайдадан.  Арақ деген наннан қымбат ас болып,  Төреге ұқсап төрде тұрар бас болып.  Бабаларым сұрағанға су берген,  Балалары у беріп жүр қас болып.  Бұл күндері ішіп жүрген арағың,  Бір күндері төгіледі жас болып.  Ертеңінді ойламайсың есіріп,  Мәз боласың бүгін жүрсең мас болып.  Түзде тойып жүргеніңнен не пайда?..  Үйде қатын-балаң жатса аш болып.  Арақ сіңіп арамданды қу денең,  Кірі кетпес жусаң дағы суменен.  Пәк қазақтың ақ ниеті жойылып,  Жоқ боп кетті көкке ұшып буменен.  Аз да болсын қуанышқа кеңелсең,  Айналаңнаң сөз естисің «жу» деген.  Содан кейін дүйім елді шақырып,  Тойғаныңша той жасайсың гулеген.  Осылайша туысың мен досыңды,  Жиып алып құрметтейсің уменен.  Арақ үшін азапқа да шыдаймыз,  Бұрын соңды жасамап ек бұлай біз.  Біреу тойды арақ құймай өткізсе,  Шық бермейтін Шығайбай деп сынаймыз.  Қолымызға арақ алып: «Я, Алла!  Ұл-қызымды бақытты ет деп сұраймыз».  Ұл-қызымыз бақытсыз боп кетсе егер,  «Саған Құдай не жаздым?!.» деп жылаймыз.  Екі жасты сылтау етіп есіріп,  Тост айтатын той жасаймыз бір ай біз.  Арақпенен санаң бір күн сарқылып,  Түзу жерде тік жүре алмай құлаймыз.  Дастарханға егер арақ қоймасам,  Құдам ертең не дейді деп шулаймыз.  Ағыл-тегіл арақ құйып ақыры,  Құдай емес, құдамызға ұнаймыз.  Арақ сені абыройдан айырар,  Мың сауабын бір тамшымен шайылар.  Арақ ішіп қартың жүрсе қалтылдап,  Жастарыңның бетін кімдер қайырар.  Жетпісінде жұтып алып жүз грамм,  Жас жігіттен мықтымын деп жайылар.  Бата беріп тойдан кейін тойып ап,  Аяғында «сол үшін» деп қайырар.  Қызың қызыл, ұлың жүрсе ақ ішіп,  Бір-ақ күнде бастан кетер бақ ұшып.  «Әй» деп ақыл айтар ата-ана жоқ,  Қайта бірге арақ ішер қағысып.  Әкесі мен ұлы ішіп керісер,  Екінші күн көз көгеріп, жақ ісіп.  Жастықпенен ішімдікке құмартып,  Мастықпенен кісі өлтірер қан ішіп.  Күнде-күнде күнә жасап бұл қазақ,  Тозақ жаққа бара жатыр жарысып.  Ақ арақтан бір босамай кесеміз,  Әркімдерге кетіп жатыр есеміз.  Бар өмірің бұлдыр-бұлдыр бірдеңе,  Жын соққандай беймәлім күй кешеміз.  Сол арақтың емес пе еді кесірі,  Үйде отырып бала тапты неше қыз.  Бірақ біздер қалай арақ ішпейміз,  Күнде мас боп жүрсе әке-шешеміз.  Айналайын ақылы бар ағайын!!!  Ұлтың менен ұрпақ қамын жесеңіз..,  Алдыменен өзің ішпе арақты,  Балаң ертең адам болсын десеңіз!  Арақ осы қай адамды бай қылған, Талайларды түзу жолдан тайдырған. Қайран жұртым қайда барып тоқтар деп, Құнанбайдың баласы да қайғырған. Арақ ішсең кімге сыйлы боласың, Мас адамның құны төмен маймылдан. Ішіп алып, үсіп өлсең ұл-қызың, Өлігіңді тауып алмақ қай қырдан? Уағыз айтсам қалжың сөз деп сенбейсің, Өлгеннен соң көрерміз деп өрлейсің. О дүниеде азап бар деп ескертсем, Онда барып келіп пе ең деп тергейсің. Бар ақшаңды жұмсап арақ-сыраға,  Қайыршыға бес тиын да бермейсің.  Осы арақ ауруыма ем дейсің.  Денсаулыққа зияны оның кем дейсің.  «Бұл арағың жасалады бидайдан,  Сондықтан да нанмен құны тең» дейсің.  Тірлігіңде мұның бәрін ойламай,  Тегін жатқан мол сауапты термейсің.  Ішіп жүріп өлім барын ескермей,  Жетпес жерге қылышыңды сермейсің.  Бірге жүрген туысың мен досыңды,  Өліп қалса қимасаң да жерлейсің.  Сонда дағы өлім жайын ойламай,  Түсінбейсің күтеді алдан нендей сын.  Күнің жетсе сен де бір күн өлерсің,  Ажалыңды күрессең де жеңбейсің.  Мәңкүр-Нүңкір «Раббың кім?» деп сұраса,  Сөз таба алмай сонда сасып терлейсің.  Қалған күнің өтіп қайғы азаппен,  Жәннәт баққа жыласаң да енбейсің.  Ішкен әр бір тамшың от боп күйдірсе,  Неге ит боп жаралмадым мен дейсің.  Өлгеннен соң өкінгеннен пайда жоқ,  Бұл өмірге қайта айналып келмейсің.  Өр басыңның төмендетіп бағасын, Жұлқыласып жұрттың жыртып жағасын. Арақ деген туғаныңнан бездіріп, Алыстатар ағайынның арасын. Осы арақ «әй» дегізіп әкеге, Інісіне ұрғызады ағасын. Қанша адам жүр кесірінен арақтың, Ұрып-соғып әкесі мен анасын.  Қартайғанда сүйреп қарттар үйіне,  Қайырылып көрсетпейді қарасын.  Байғұс ана қанша иттік көрсе де,  Сағынады өзі туған баласын.  Күтіп жүрер балам келіп қалар деп,  «Құлыным» деп жасырады наласын.  Тым құрыса немересін сүйе алмай,  Жүрегінің жаза алмай жүр жарасын.  Ана сүтін айырбастап араққа,  Қайран қазақ қайда кетіп барасың?!.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары