Тілдік нұсқа
Радио

АҚЫНДАР

Арман Бердалин (ақын)
Бердалин Арман Тілектесұлы-1983 жылдың 10-шы желтоқсанында СҚО,Ақжар ауданы ( бұрыңғы Көкшетау облысы,Ленинград ауданы),Айсары ауылында дүниеге келген. Жетістіктері: -1991-1992 жылдардағы Республикалық «Әнші балапан» байқауының жеңімпазы; -1995 жылы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына өткен оқушылар айтысының жүлдегері; -1996 жылы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына өткен айтыстың жүлдегері; -1997 жылы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына арналған айтыстың жүлдегері; 2002 жылы Атырауда өткен Махамбеттің 200 жылдығына арналған айтыста I-орынға ие болды; -2003 жылы Мағжан Жұмабайұлының 110 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында II-орынға ие болды; -2003 жылы ағартушы ғалым Сейтен Сауытбековтың 95 жылдығына арналған Айтыста Бас жүлдені жеңіп алды; -2003 жылы Астана Дулат Бабатайұлының 200 жылдығына арналған айтыста Ерік Асқаров атындағы жүлденің иегері; -2004 жылы Көкен Шәкейұлының 80 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2004 жылы Москвада Қазақстан-Ресей достығына арналған Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2004 жылы Қырғызстанда өткен Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2005 жылы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2005 жылы Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұлованың 80 жылдығына арналған айтыста I-орын; -2006 жылы Қостанай облысының 70 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2006 жылы Ақтөбе қаласында Шығанақ Берсиевтың 125 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2009 жылы Түркияның Ерзурум, Анкара қалаларында өткен Түркітілдес елдердің арасында Халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды; -2009 жылы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының және «Асыл арна»телеарнасының ұйымдастыруымен өткен Республикалық ақындар мүшәйрасында Бас жүлдені жеңіп алды; -2010 жылы СҚО-да Сәбит Мұқановтың 110 жылдығына арналған айтыста Бас жүлдені жеңіп алды; -2011 жылы Алматы облысында Ақсу ауданының 80 жылдығы және Біржан мен Сараның айтысының 140 жылдығына арналған ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды. -2011 жылы Президенттің жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен наградталған. -2013 жылы Әзірет Сұлтан мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Текті сөздің төресі - терме» атты Республикалық мүшайрада Бас жүлдені жеңіп алды. -2013 жылы ҚР Президентінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. -2013 жылы «Құрметті қажы» төсбелгісімен марапатталған. -2015 жылы Президенттің жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған. -2015 жылы Атырау қаласында өткен Халықаралық ақындар мүшәйрасында Бас жүлдені жеңіп алды. -2016 жылы Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының мүшесі. -2016 жылы Президенттің жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен наградталған. -2018 жылы Президенттің жарлығымен «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.       Бұдан басқа да 70-тен астам айтыстарға қатысып, жүлдегер атанған.   -2004 жылы «Айсары» атты жыр жинағы жарық көрді; -2006 жылы «Арманның айтыстары»атты DVD дискісі шықты; -2008 жылы «Қазақ пен арақ»атты жыр жинағы шықты; -2008 жылы «Қазақ пен арақ»атты деректі фильмі шықты; -2013 жылы «Жүрші, әке, намазға жығылайық» атты жыр жинағы шықты. Бұдан басқа да 10-нан астам антологияларға өлеңдері шыққан;   Көкшетау Университетінің 2010 ж; «Көкше» Академиясының 2012 ж. түлегі.   -2001 жылы аймақтық «Бұқпа!» газетінің корреспонденті; -2002 жылы республикалық «Алаш үні» газетінің корреспонденті; -2006 жылы «Көкшетау»МС-ның көркемдік жетекшісі; -2007 жылы «Көкше»МҮ-нің директоры. -2010 жылы М.Жұмабаев атындағы Ақмола облысының әмбабап ғылыми кітапханасының директоры. -2014 жылы Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы. -2017 жылдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі Департамент директоры.   Отбасылық жағдайы: Үйленген. Жұбайы-Бердалина Алуа Жамбылқызы (1984ж.т) Ұлы -Тілектес Темірұлан Арманұлы (2004ж.т) Ұлы -Тілектес Марғұлан Арманұлы (2007ж.т) Қызы-Тілектес Мөлдір Арманқызы (2009ж.т) Ұлы-Тілектес Әмірұлан Арманұлы (2010ж.т) Ұлы – Тілектес Науан Арманұлы (2015 ж.т)
Бердалин Арман Тілектесұлы-1983 жылдың 10-шы желтоқсанында СҚО,Ақжар ауданы ( бұрыңғы Көкшетау облысы,Ленинград ауданы),Айсары ауылында дүниеге келген. Жетістіктері: -1991-1992 жылдардағы Республикалық «Әнші балапан» байқауының жеңімпазы; -1995 жылы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына өткен оқушылар айтысының жүлдегері; -1996 жылы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына ...
НЕГЕ?..
22 сәуір, 2019 жыл 127 Басып шығару нұсқасы
Айналсақ та айтулы тұлғаға біз, Жаратқанның алдында құл ғанамыз. Көңіл бөлген адамға құлдық ұрып, Өмір берген Құдайға бұлданамыз. Бұлданамыз, жібіне жабыспаймыз, Бар мақтауды басқаға бағыштаймыз. Кәсіп берген адамды жақын тартып, Нәсіп берген АЛЛАдан алыстаймыз. Түбі бірақ өлімнен сау кетпейміз, Жойыламыз жоқ болып жау жетпей біз. Мақтап жүрген адамға алғыс айтып, Сақтап жүрген Тәңірге тәубе етпейміз. Бостан босқа уақытты шығындаймыз, Қысылғанда "АЛЛА-ай!" деп шырылдаймыз. Пара берген адамға бара беріп, Сана берген АЛЛАға бұрылмаймыз. Шетімізден асқақпыз, телегейміз, Өзімізге ешкімді теңемейміз. Көмек берген адмға құрмет қылып, Қорек берген Құдайды елемейміз. Неге?

Айналсақ та айтулы тұлғаға біз,
Жаратқанның алдында құл ғанамыз.
Көңіл бөлген адамға құлдық ұрып,
Өмір берген Құдайға бұлданамыз.

Бұлданамыз, жібіне жабыспаймыз,
Бар мақтауды басқаға бағыштаймыз.
Кәсіп берген адамды жақын тартып,
Нәсіп берген АЛЛАдан алыстаймыз.

Түбі бірақ өлімнен сау кетпейміз,
Жойыламыз жоқ болып жау жетпей біз.
Мақтап жүрген адамға алғыс айтып,
Сақтап жүрген Тәңірге тәубе етпейміз.

Бостан босқа уақытты шығындаймыз,
Қысылғанда "АЛЛА-ай!" деп шырылдаймыз.
Пара берген адамға бара беріп,
Сана берген АЛЛАға бұрылмаймыз.

Шетімізден асқақпыз, телегейміз,
Өзімізге ешкімді теңемейміз.
Көмек берген адмға құрмет қылып,
Қорек берген Құдайды елемейміз.

Неге?

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары