Тілдік нұсқа
Радио

АҚЫНДАР

Тұрмағамбет Ізтілеуов
Жарайсың Рух Алла деді жаса, Көрерсің соңырағы күн сансыз наша, Ер болсаң ел атына пайғамбар боп, Жүрер ең жол көрсетіп, жарлық шаша. Күнінде қияметтің гүлдей жайнап, Тұрарсың қабіріңнен нұрың таса
Аспан — садақ, ажал — оқ
13 қараша, 2020 жыл 534 Басып шығару нұсқасы
Аспан — садақ, ажал — оқ, Мысалы Алла — мергенді. Жер — омақа, біз — қоян, Етуге әл жоқ ербенді... * * * Ер — дарақ ойлағанда, ұл, қыз — бұтақ, Бұтағын Бау Иесі алса бұтап. Түзеліп тақыстары, татаусыз боп, Тағы да тамыр жайып, қаулар тұтап. Кең ойлы кемеңгерлерге керегі кем, Қалам деп қайғылану қатаң жұтап. Талайлар тартып мінжат тартқанменен, Тәңіріден "Таң атты" деп келген қытап1. Бәндәсін, бірлігіне болған қайыл, Қылғанмен, қуандырған, қақар қытап. Солайша адабы Алла — болса жары, Сабыр айлап, соңын сұрап, қылма шытап. "Қуант, - деп, - құлдарымды сабыр қылған!" Сөйлеп тұр Сәруәрға енген Кітап 1900

Аспан — садақ, ажал — оқ,
Мысалы Алла — мергенді.
Жер — омақа, біз — қоян,
Етуге әл жоқ ербенді...
* * *
Ер — дарақ ойлағанда, ұл, қыз — бұтақ,
Бұтағын Бау Иесі алса бұтап.
Түзеліп тақыстары, татаусыз боп,
Тағы да тамыр жайып, қаулар тұтап.
Кең ойлы кемеңгерлерге керегі кем,
Қалам деп қайғылану қатаң жұтап.
Талайлар тартып мінжат тартқанменен,
Тәңіріден "Таң атты" деп келген қытап1.
Бәндәсін, бірлігіне болған қайыл,
Қылғанмен, қуандырған, қақар қытап.
Солайша адабы Алла — болса жары,
Сабыр айлап, соңын сұрап, қылма шытап.
"Қуант, - деп, - құлдарымды сабыр қылған!"
Сөйлеп тұр Сәруәрға енген Кітап
1900

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары