Тілдік нұсқа
Радио

АҚЫНДАР

Абдрахман Асылбек
Алла адамға пәнилік өмір берді, Өмір берді – сөнбейтін сенім берді.
Алла адамға пәнилік өмір берді, Өмір берді – сөнбейтін сенім берді. Ол сенімі – Алланы бір деп білу, Шетсіз, шексіз ғаламды нұр деп білу. Құдіретті иеге соның үшін, Әділдіктің құлдығы болу үшін, Алланың сол сенімін ақтадық па? Адамдықтың ақ жолын ...
Менің атым – Абдурахман
13 қараша, 2020 жыл 50 Басып шығару нұсқасы
Бұл – кітаптан алынған әз есімім, Алла берген ниетпен несібім. Бұл ұғымның тарауы бар сан тарау. Мүмкін емес бәрін бірдей қайталау. Алланы сен теңдесі жоқ бір деп біл, Бар әлемге мәңгілікке нұр деп біл. Есімдегі құл дегенің – құлшылық, Нұр дегенің Алла берген тіршілік. Құлшылық ет, Құдайға міндетті ісің, Өйткені сен Мұхаммед үмбетісің. Нұр дегенің Алланың ақ арайы, Сол үшін бас иетұғын сарайы. Арайлы ақ таңда да. Түнгі тылсым маңда да, Бар ниетпен беріліп, Құлшылық ет Аллаға!

Бұл – кітаптан алынған әз есімім,
Алла берген ниетпен несібім.
Бұл ұғымның тарауы бар сан тарау.
Мүмкін емес бәрін бірдей қайталау.
Алланы сен теңдесі жоқ бір деп біл,
Бар әлемге мәңгілікке нұр деп біл.
Есімдегі құл дегенің – құлшылық,
Нұр дегенің Алла берген тіршілік.
Құлшылық ет, Құдайға міндетті ісің,
Өйткені сен Мұхаммед үмбетісің.
Нұр дегенің Алланың ақ арайы,
Сол үшін бас иетұғын сарайы.
Арайлы ақ таңда да.
Түнгі тылсым маңда да,
Бар ниетпен беріліп,
Құлшылық ет Аллаға!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары