Тілдік нұсқа
Радио

АҚЫНДАР

Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес!
08 ақпан, 2021 жыл 90 Басып шығару нұсқасы
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес, Құдайсыз қу қолынан іс те келмес. Белін бекем буғанның белі талмас, Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес. Адамзат өзін-өзі сынау керек, Тазалық, әділдікті ұнау керек. Өлсе де тура жолдан мойын бұрмай, Ақтан көрген бәлеңе шыдау керек. Не шыда, не залым бол, бірін таңда, Әйтеуір ақылын тап, ерте қамда. Момын бол, не бұзақы, не батыр бол, Қазақ тыныш қоймайды не қылсаң да. Адалға орын емес қазақ іші, Тәтті ғұмыр сүре алмас таза кісі. Өзін асырар қазақтың өнері жоқ, Бірін-бірі талайды – бар жұмысы.

Бір Аллаға сыйынған адам өлмес,
Құдайсыз қу қолынан іс те келмес.
Белін бекем буғанның белі талмас,
Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.

Адамзат өзін-өзі сынау керек,
Тазалық, әділдікті ұнау керек.
Өлсе де тура жолдан мойын бұрмай,
Ақтан көрген бәлеңе шыдау керек.

Не шыда, не залым бол, бірін таңда,
Әйтеуір ақылын тап, ерте қамда.
Момын бол, не бұзақы, не батыр бол,
Қазақ тыныш қоймайды не қылсаң да.

Адалға орын емес қазақ іші,
Тәтті ғұмыр сүре алмас таза кісі.
Өзін асырар қазақтың өнері жоқ,
Бірін-бірі талайды – бар жұмысы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары