Қарағанды 12:59 Бесін
  • 06:58 Таң
  • 08:28 Күн
  • 12:59 Бесін
  • 15:33 Екінті
  • 17:19 Шам
  • 18:50 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру
ҒАЛЫМ ЖАКЕШ
1986 жылы 20 шілде де Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды қаласындағы 57 ші Шығыстану-лицеін тамадаған.

ЕМХАНАДА...

Күндердің бір күнінде, Кеше, әлде бүгін бе? Емханаға кірді аптығып, бір пенде, Жабырқау бар түрінде.

 

Басқалар да келіп жатты кешіккен,

Құр қалмайын, дегендейін нәсіптен.

Бірі мұңлы, енді бірі көңілді,

Шығып жатты кордиология деп жазылған есіктен.

Дәрігердің емдеуі де тез еді,

Келді әлгі науқастың да кезегі.

Жүрегіне шағымданған байғұстың,

Асылында ауыратын көзі еді.

Амансыз ба, салемет пе?- деп кірді.

Аманбыз деп, дәрігер, жауап берді екпінді

Қандай шағым, алаңдатқан не еді?

Сұрақ қойды, науқас жанға деп түрлі.

Жүдеп жаным,ет жүрегім талғандай,

Шерменде боп,жүрекке дерт толғандай.

Байлығым бар, бала- шаға  бақытым.

Шын бақытты жүрмін бірақ армандай.

Қалағанды сатып алам, ақшаға,

Ойымдағы іске асады, ойланбай.

Шын бақыттың, сезіне алман ләззатын.

Бақыттымын деп айтуым, жалғандай.

Кәрілік пен өлім барын ойласам,

Айналамын, бейшараға сормаңдай.

Деп шағымын бастап еді...

Дәрігер:

«Жә, жә, жарар, жетер енді болғандай»,

Дерт екені түсінікті ол қандай.

Сенің дертің, жүректе емес, көзіңде,

Болмас, сірә, шұғыл шара қолданбай.

Бақыт сенің сыртыңда жүр жарқырап,

Торғай жүрек, торға түсіп қалғандай.

Сенімділік танытқандай өзіне,

Көр емеспін, еш шағым жоқ, көзіме.

Алысты да, жақынды да көремін,

Сынап көргін, сенбесеңіз сөзіме.

Деді науқас паңданып,

Бұдан әрі дәрігердің әңгімесі жалғанып.

Сабыр, сабыр, сөзіңді әрі үдетпе,

Жалған айтып, жаныңды бос жүдетпе.

Меңзегенім маңдайдағы көз емес,

Мен айтқан көз, жүректе.

Көкірек көзін емдеу үшін алдымен,

Иман дейтін дауа қажет жүрекке.

Тек Иманда барлық дәмі тәттінің,

Ең әуелі, мойындағын, бір Алланың хақтығын.

Пайғамбарға илан дағы, мойындағын,

Періштелер еш күнәсіз, пәктігін.

Кітаптарға иман еткін, күдіксіз сен Құранның,

Еш өзгермес, еш шүбәсіз сафтығын.

Тағдырға сен, бір Алланың қалауымен барлығы,

Мойындағын ақыреттің нақтығын.

Алла жалғыз, ал Мұхаммед Оның ғазиз елшісі,

Алла ұлы, Жаратқанның еш серігі жоқтығын.

Деп дәрігер бастап кетті ең алғашқы жәрдемін,

Әлсін - әлсін алды науқас әр демін.

Әсте - әсте, айыққандай жүрегі,

Жалғастырды дәрігер де пәрменін.

Ең бастысы, жүрекке иман орнады,

Енді қалған дәрумендер, сол иманның қорғаны.

Намаз дейтін дәрумен бар,

Иманнан соң ең маңызды, ол дағы.

Парасатты, ақылдыға шипалы,

Жан тәніңепайдасы аса мол тағы.

Күніне бір ықылас дейтін ыдыспен,

Бес ақ мәрте ішіп тұрсаң болғаны.

Уақытым жоқ, деп ішпесең дәрумен,

Дертіңнің бар асқынуы ол тағы.

Бір тәуліктен бір ақ сағат көңіл бөл,

Өзің үшін өз жаныңды қор дағы.

Бұл дәрумен кез келгенге берілмейді абайла,

Қадірін біл, қазынаңның қолдағы.

Тізбектеумен шипа жолын дәрігер,

Сөзін әрі жалғады,

Ал келесі дәрумен ол - Ораза.

Ұмыт болар, оны ішсең, бар аза.

Оның тіпті шипасы да ерекше,

Жаның, тәнің тазарады балаша.

Қолданылу тәсілі, отыз - ақ күн жылына.

Бір ғаламат шипасы бар, көңіл бөлсең сырына.

Бұл не деген сый десеңші біздерге,

Бәз біреулер көп көреді мұны да.

Қолданған соң тыю керек көзіңді,

Сақтықпенен саптап әрбір сөзіңді.

Тек аш құрсақ жүру емес,

Ғайбат, ашу, жамандықтан алыс тұтқын өзіңді.

Міне сонда, бұл дәрумен дариды,

Сабырлық пен талап етер төзімді.

Деп аяқтап, сөзін тағы дәрігер.

Үнсіз қалып шамалы,

Шипа іздеген жанға көзін қадады.

Енді қандай дәрумен бар?

Деп науқас,таңданысқа толы көзбен қарады.

Мынау мынау келесісі дәруменнің негізгі,

Талап еткен ықылас пен ақ пейілді лебізді.

Ол дәрумен Зекет деген,

Жандар үшін ең дәулетті, ең ізгі.

Бұл дәрумен шүкірлікке тәрбиелеп жаныңды,

Тазалайды бәлекеттен қолыңдағы малыңды.

Байлығыңнан кедейлерге үлестіріп, жомарт бол.

Өзімшілдік, ойлай беру қамыңды.

Бұл дәрумен дейді адамға құнықпа,

Қанағат қыл, сараңдықтың есіктерін құлыпта.

Қолдануы бір - ақ мәрте жылына.

Бұйырмаған кетер бір күн құрып та,

Дәулет берген күллі мүлік Иесі,

Өзі беріп, өзі аларын ұмытпа.

Дәрумендер тізбектеле жазылып,

Науқастан да байқалғандай разылық.

Ал келесі кезектегі дәрумен,

Рухты ғажап тазалаушы Қажылық.

Мұны ішсе, ластық кетіп санадан,

Жаның мүлдем өзгереді, жаңадан.

Тазаланып тұла бойың, сафтанып,

Жаңа туған сәбидейсің анадан.

Сіз сияқты бай - манапқа бұл дәрумен міндетті,

Нағыз шипа, емдейтұғын жүректегі індетті.

Қолдануы бір ақ мәрте ғұмырда,

Көреді гой оның өзін тым көпті.

Ықылас дейтін құтысы бар ішінде,

Шын ішсеңіз, тыясың- ау біраз уақыт күлмекті.

Атақ үшін ішу аса қауіпті,

Ниет қылма, мойныныңа абыройды ілмекті.

Шашқаныңша дәулетіңді тау- тасқа,

Дәруменді ішіп тұрғын, болам десең құрметті.

Міне, осы бес дәрумен маңызды,

Адам үшін ең пайдалы һәм ізгі.

Кері әсері бар мұның,

Ықылассыз ішер болсаң әрбірін.

Байқап ұста, рия кіріп, араласып ішіне,

Өкініштен күйін кешпе сорлының.

Шын бақытқа жетуіңе кепілдік,

Шын ниетпен ішсең мұның барлыған.

Деп тәмамдап сөздерін,

Келген жанның ашты жүрек көздерін.

Әлгі науқас шын алғысын ақтарып,

Жүзі жайнап, шығып кетті шаттанып.

 

 

 

 

 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    07 желтоқсан 2016 жыл АЛМАТЫДА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика