Тілдік нұсқа
Радио

АҚЫНДАР

Қалқаман Сарин
Қалқаман Айымғазыұлы Сарин (2-қаңтар, 1978 жыл, Арқат ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) - ақын.
  Ол 1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. 2001 - 2003 жылдар аспирантураны тәмәмдаған.
Сұп-суық тасқа айналып кетпесе екен, Жып-жылы кеудемдегі жұп-жұмыр ет
11 қаңтар, 2018 жыл 127 Басып шығару нұсқасы
Тәңірім! Сен жаратқан мен ақының,  Тауфиқ бер, таусылғанша дем-ақылым.  Жүйткіген жылдарымды жүгендеп ап,  Айналып бара жатыр жер ақырын. Жұтылып жерге мен де кетем ертең,  Жүгім де болмас, сірә, көтерер кем.  Өзекті жан болсам да өлері хақ,  Өлеңдей өнер бердің өте көркем!  Жан-ИЕМ, жаздың солай пешенемді,  Көгерткен көркем өлең көсегемді.  Қимас ем арда мұңым – ақындықты,  Берсе де бір басыма бес өнерді.  Жұрт үшін жасағам жоқ өзгеше еңбек,  Көп іші көрінгенмен көзге сергек.  Жанымды қоярға жер таппай қалам,  Төбемнен төгілгенде сөз нөсерлеп...  Құлазып, құлап түсіп, көктен көңіл,  Бір сәтте-ақ күзге айналар көктемгі өңір.  Киермін сағыныштың сар шекпенін,  Болғанмен әлем – шексіз...  Шектеулі өмір...  Өмір бұл шындығы жоқ, сұмдығы көп,  Бәрінің бас иесі – бір Құдірет!  Сұп-суық тасқа айналып кетпесе екен,  Жып-жылы кеудемдегі жұп-жұмыр ет. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары