ЖҰМАДА БҰЛ ҚАТЕЛІККЕ ҰРЫНЫП ЖҮРМЕҢІЗ

Жұма күні имам мінберге көтеріле бастағанда, бірден әңгімені қою керек. Өйткені бұл кезде сөйлесу тахриман мәкрүһ (харамға жақын мәкрүһ) саналады. Сондай-ақ бұл уақытта амандасу да, нәпіл намаз оқу да құптарлық іс емес. Шафии мен имам Ахмадтың сөзінше адам егер мінберден алыс отырып, естімейтін болса, сөйлеуге рұқсат. Бірақ үндемеу - сүннет амалдан. Ал Әбу-Ханифа бойынша мейлі естілсін, естілмесін жұма уағызындағы артық сөз – харам. Мәлики мәзһабында құтбада үндемеу уәжіп саналады. Құлшылық орнындағы күбір-күбір әңгіме уағызды естіртпегенімен қоса, Алла Тағаланы еске алуға да кедергі болмақ. Құтбадағы кейбір дұғаларда, іштен «әмин» деп айтуға болады. Сонымен қатар мешітке кіргенде жұма уағызы басталып кетсе, елдің назарын аудармай бос орынға жайғаса қалу керек. Күндердің сұлтаны болған – жұмаға жеткізген Аллаға шүкірлік еткенде шүйіркелесуді шетке ысыра тұру сауапты іс болмақ. 

 

© 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін