Жұмақтағылар тамақтанады ма?

Алла Тағала жұмақтық құлдарына түрлі тағамдарды нәсіп еткен. Алайда олар ас-суды қарын тойғызу үшін емес, рахаттану үшін яғни ләззат алу үшін ішіп-жейді. Бұл жайлы қасиетті Құранда айтылған: 

«Дүниеде істеген игіліктерің үшін ерекше тәбетпен ішіп-жеңдер, ас болсын!» («Мурсәләт» сүресі, 43-аят). 

«Оларға көңілі соғып, тәбеті тартқан жеміс-жидек пен еттің түр-түрінен мол қылып береміз» («Тур» сүресі, 22-аят). 

«Оларға алтын табақтар мен (бал татыған алуан түрлі сусындарға толы) кеселер тасыған жұмақ қызметшілері оларды айналсоқтап, сый-құрмет көрсетеді. Онда көңіл соғатын, әрі көздің жауын алатын нәрселердің бәрі бар. Сендер онда мәңгі-бақи қаласыңдар» («Зухруф» сүресі, 71-аят)

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін