Анамның бір көзі ғана болғаны қатты ұялтады...

Анамыздың бір-ақ көзі болатын. Оны жек көретінмін, себебі оның бұл жағдайы мені қатты ұялтатын. Үйдегілерді бағып-қағу үшін мектепте аспазшы болып жұмыс істейтін. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді, мен оны көрмегенсіп ол жерден қашып кеттім. Ертеңіне досым: «Сенің анаңның бір-ақ көзі бар екен ғой» дегенде, ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Мұндай жағдайға түсіруге қалай ғана дәті барды екен? Кездескенімде ашуланып: «Мені осылай ұялтқанша, жоқ болғаның жақсы болар еді» дедім. Онң сол сәтте қандай күйде болғаны еш ойыма кіріп шықпады. Қажырлы еңбектің арқасында үйленіп, үй болып Алматыға орналастым. Анам бір күні немерелері мен жылдар бойы көрмеген мені көру үшін ауылдан келді. Балаларым оны көріп күле бастады. «Балаларды қорқытпай тез арада бұл жерден кет»,- дедім. «Ғафу етіңіз, мекен-жайдан шатасып кетіппін», - деп үнсіз кете барды.

Бір күні мектеп түлектерінің бас қосу кеші өтетін болды. Әйеліме жұмыс барысымен кеттім деп, құрдастармен кездесуге бардым. Кештен кейін ескі үйіме қарай барғым келіп, сол жаққа қарай тартып отырдым. Келгенімде көршілер анамның қайтыс болғанын және маған хат тастап кеткенін айтты. Хатында:

«Сүйікті ұлым! Бастауыш сыныпта  сені ұялтқаным үшін, балаларыңды қорқытқаным үшін кешірім сұраймын. Жылдар бойы сен үшін ұяттың көзі болғаныма өкінемін. Түлектердің бітіру кешіне келетініңді естігенде қуандым. Бірақ сені көре аламын ба, құшағыма қыса аламын ба, білмеймін. Білесің бе, кішкентай кезіңде бір қазаға ұшырап, көзіңнен айырылдың. Ал мен анаң бола тұра сенің бір көзбен өмір сүруіңе шыдай алмас едім. Осылайша бір көзімді саған бердім. Менің орныма дүниені көріп жүр деп, өмір бойы сені мақтан тұттым».

Саған деген сүйіспеншілікпен, АНАҢ!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін