Бұл өмірі сенің есіңнен кетпейді

Бала Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен:

* Бата –басқа, қына –тасқа, ақыл – жасқа, не қалайсың,балам? –депті.

Сонда Жетес бала:

* О, қасиетті, баба! – Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, - депті.

* Онда қолыңды жай, балам, -деп Төле би:

-Бір үйдің баласы болма,

 

Көп үйдің санасы бол!

 

Бір елдің атасы болма,

 

Бар елдің данасы бол!

 

Бір тонның жағасы болма,

 

Көп қолдың ағасы бол!

 

Ақты ақ деп бағала,

 

Қараны қара деп қарала.

 

Өзегің талса өзен бойын жағала

 

Басыңа іс түссе көпшілікті сағала

 

Өзіңе-өзің кәміл бол.

 

Халқыңа әділ бол,

 

Жауыңа қатал бол!

 

Досыңа адал бол.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін