Емтиханға кірерде оқылатын дұға

Емтиханға дайындалып, қолдан келгенше әзірлігін жасаған студент немесе оқушы мына дұғаларды оқыса, Алланың қалауымен емтиханы жеңіл әрі нәтижелі болады деген үміттеміз.

Емтиханға кірер алдын мына дұғаны оқыса болады:
Показать полностью…

«Рабби әдхилнии мүдхалә сидқин уә әхрижнии мухражә сидқин, уәжъал лии мил ләдункә султанән нәсиира»

Мағынасы: «Раббым! Менің кіретін жерімді оңды қыл және шығатын жерімді де оңды қыл! Әрі маған өз қасыңнан жәрдем күшін нәсіп ет!” .

Емтиханға кіргеннен кейін, келіп-түскен сұрақтарға жауап бермес бұрын Мұса (ғ.с.) пайғамбардың мына дұғасын оқыса болады:

«Раббишрәх лии садри. Уә яссир лии әмри. Уәхлул ъуқдәтәм мил лисәни. Яфқаһуу қаули!»

Мағынасы: «Уа, Жаратушы Ием! Менің көңілімді (немесе зейінімді) аш. Маған ісімді жеңілдет. Тілімдегі шырмауды шеш. Менің айтқаным оларға түсінікті болсын!

Сонда да «талаптыға нұр жауар» демекші, емтиханның қаншалықты нәтижелі болатыны әркімнің өз дайындығына, ізденісіне қатысты екенін ұмытпау керек. Өйткені Ұлы Жаратушы Иеміз былай дейді: «Адамға тек еңбегіне қарай нәтиже бар. Сөз жоқ адам еңбегінің нәтижесін көреді.
 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін