Астың иісін иіскегенде ораза бұзылады ма?

Мына жағдайларда пенденің оразасы бұзылады:

Пенде мына істерді өз қалауымен жүзеге асырса, оның оразасы бұзылады және оған оразаның қазасын өтеп, кәфаратын өтеу уәжіп (міндет) болады:

– тамақ немесе тамақтын орнына жүретін бір нәрсені жеу немесе ішу. Ғайбат айтқаннан кейін немесе қан алдырғаннан кейін оразам ашылды деп ойлап бір нәрсені жеу де осыған кіреді;

– жыныстық қатынасқа түсу. Яғни, бұнндай жағдайда мәни шығуы немесе шықпаса да бірдей. Еркек жыныстық мүшесін басын екінші бір тараптың алдыңғы немесе артыңғы жолмен кіргізсе екеуіне де қаза әрі кәфәрат уәжіп болады. Тіпті әйел еркек тарапынан мәжбүрленсе де, оған кәфәрат уіжіп болады;

– әйелін шахуатпен ұстағаннан, қан алдырғаннан, біреуді ғайбаттағаннан немесе мұртына май жаққаннан кейін, “оразам ашылып кетті”, деген ойға барып, бір нәрсе жеу немесе ішу (егер бір ғалым адам оған: “Оразан ашылыпты”, деп пәтуә берсе, ол тек қана оразанынң қазасын өтейді, кафәрат уәжіп болмайды);

– аузына түскен жаңбыр тамшысын жұту;

– ылғалы ет болса да жеу. Яғни азықтық белгісі жоғалған айныған етті жеген адамның оразасы бұзылады, бірақ оған кәфәрат уәжіп болмайды;

– қуырылған ет жеу;

– бидай нанынның дәнін шайнап жұту. Бірақ бір дана бидай еріп кеткенше шайналса және тамақтан еріген халде өтсе,ораза бұзылмайды, кафәратта уәжіп болмайды;

– бидай және күнжут сияқтыларды бірнеше данадан жеу;

– топырақ, қарамайым топырақ немесе кесек жеу;

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін