Әйел ақысы

Әйелінің жақсы мінезді болуын қалайтын адам, алдымен өзі жақсы мінезді болуы керек! Құран кәрімде адамға келетін қиыншылықтар өзінің жасаған күнәларының себебімен келетіні білдірілген. Олай болса дініміздің әмірін орындап, тыйымдарынан ұзақ болғандар әйелімен жақсы қарым-қатынаста болады.

 

Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

 

«Мұсылман әйеліне ашуланбасын! Жаман мінезі болса, жақсы мінезі де болады» (Муслим)

 

«Әйел – әлсіз жаратылыс. Әлсіздігін үндемеу арқылы жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін көрмеуге тырысыңдар!» (Ибни Лал)

 

«Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі – мінезі ең жақсы болғаны және әйеліне ең жақсы, ең мейірімді мәміледе болғаны»(Тирмизи).


«Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болған адам.  Сендердің араларыңда әйеліне ең жақсы, ең қайырымды, ең пайдалы болған менмін» (Нәсаи).

«Әйелінің және балаларының ақыларын өтемейінше адамның намаздары, оразалары қабыл болмайды» (Мүршид-ун-ниса).

 

«Күйеуі разы болғанға дейін әйелдің намаздары және ешбір жақсылығы қабыл болмайды» (Табарани)

«Намаздары қабыл болмайды» дегені, намаз борышынан құтылады, бірақ оған берілетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды дегенді білдіреді. Намаздары босқа кетеді деген сөз емес. Бір әйелден күйеуі разы болмаса әйел күнәсының жазасын тартқаннан кейін Жаннатқа кіреді. Жаннатқа тек кәпірлер кірмейді.

 

Мұсылманның күнәсі көп болса да, соңында міндетті түрде Жаннатқа кіреді. Құран кәрімде былай бұйырады:

 

«Жақсы әйелдер, Аллаһқа мойынсұнады және күйеулерінің ақыларын орындайды. Күйеулері жоқ кезде олардың намысын және мал-мүлкін Аллаһтың көмегімен қорғайды» Ниса 34)

 


Үйге келгенде әйеліне сәлем беріп хал-жағдайын сұрау керек, ренішімен қуанышына ортақ болу керек. Өйткені ол басқалардан үмітсіз және өзіңе ғана байланған жолдасың, дертіңе ортағың, көңіліңді көтеруші, бала тәрбиелеп жетілдіруші және түрлі қажеттіліктеріңді толықтырушы. Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

 


«Ақысыз (әділетсіз) әйелін ұрған адамның Қияметте дұшпаны мен боламын. Әйелін ұрған, Аллаға және Расулына қарсы шыққан болады» (Р. Насихин).

 


«Әйелдеріңді жәбірлемеңдер! Олар Алла Тағаланың сендерге берген аманаты. Оларға жылы мәміледе болыңдар, жақсылық жасаңдар!» (Муслим).

 

«Әйеліне күлімдеп қараған еркектің амал дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады» (Р.Насихин).

«Әйелімен жақсы мәміледе болып, қалжыңдасқан адамды Алла Тағала жақсы көреді, ризықтарын арттырады» (И. Лал)


 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін