Мұндай адамның денесі жуылмай, киіммен жерленеді

Шәһидтер туралы С: Шәһид болып қайтқан кісінің үкімі басқаша бола ма? Ж: Иә, оның үкімдерінде өзгешеліктер бар. С: Ол үкімдер қандай? Ж: Кәпірлер өлтірген мұсылманның денесі майдан даласында табылса немесе соғыстан жаралы болып қайтып, сол жарақатының себебінен қайтыс болса, ия болмаса мұсылмандар зұлымдықпен өлтіріп, құны төленбейтіндей болса кебінделіп, жаназасы шығарылады, жуылмайды. С: Егер шәһид жүніп күйінде қайтыс болса да жуылмайды ма? Ж: Әбу Ханифаның пікірінде жуылады. Ал, Әбу Юсуф пен Мұхаммед жуылмайды деген. Шәһид болып қайтқан сәби бала туралы да осындай пікірталас бар. Әбу Ханифа жуылады десе, өзге екеуі жуылмайды деген пікірде. С: Шәһид болып кеткендердің денелері басқа қайтыс болғандар секілді жуылмайтынын білдік. Ал, оның үстіндегі қаны жуылып, қан болған киімі шешіліп алына ма? Ж: Оның денесіндегі қаны жуылмайды, киімі де шешілмейді. Тек қалың тері киімдері, сыртқы шапан, аяқ киімі, қару-жарағы шешіліп алынады. Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=328

Кәпірлер өлтірген мұсылманның денесі майдан даласында табылса немесе соғыстан жаралы болып қайтып, сол жарақатының себебінен қайтыс болса, иа болмаса мұсылмандар зұлымдықпен өлтіріп құны төленбейтін болса кебінделіп, жаназасы шығарылад, жуылмайды. Жүніп күйінде қайтыс болған шахид Әбу Ханифа мазхабында жуылады. Ал Әбу Юсуф пен Мухаммед жуылмайды деген. Қайтыс болған сәби туралы да осындай пікірталас бар. Сондай ақ, шахидтің денесіндегі қаны жуылмайды. Тек қалың тері киімдері, шапаны, аяқ киімдері мен қарулары шешіліп алынады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін