Отбасыңды барлық пәледен қорғайтын дұға

 Халифа Омардың (Алла оған разы болғай) кезінде бір кісі әйелінің мінезіне ша- ғымданбақ боп оның үйіне келеді. Алайда үйіне жақындағанда Омардың әйелі оған ұрсып жатқанын естиді. Әлгі кісі ішінен: «Иә...егер халифаның үйінде мұндай болса, онда менің шағым айтар еш себебім жоқ» - деп ойлап тұрғанда есік ашылып Омар шығып келе жатады.

         Кісіні көріп:

         -   Бірнәрсе сұрайын деп пе едіңіз? - дейді.

       Сонда кісі барлық жағдайды түсіндіріп, халифаның әйелімен ұрысын да естіп қалғанын айтады.

        -   Білесің бе, мен әйелімнің маған тамақ дайындап, кірімді жуып, үйді тазалап, балаларымды тәрбиелеп, қиын кездерде маған көмектесетінін ескеріп, осындай ашуланған сәттерінде үндемеуге тырысам. Өмір деген қамшының сабындай қысқа ғой, - дейді Омар.

       Ал Алла елшісі (с.ғ.с.) жұбайлардың бір-біріне көңілі толмай, ренжіскен сәт- терінде Алладан екеуінің арасындағы сүйіспеншілікті одан әрі арттыруды сұрап, дұға етуге кеңес берген.

       Риуаят бойынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түнде оянған сәттерінде Айша ана- мыздың (р.а.) қолынан ұстап осылайша дұға еткен.

       Сондай-ақ, Алла елшісі (с.ғ.с.) мен сахабалары жұбайлары мен өздері үшін дұға ететін болған.

       Сондықтан: «Уа, Жаратушы Аллам! Біздің отбасымызға сүйіспеншілік пен сый- ластық бере гөр! Жақындарымызбен бейбітшілікте ғұмыр кешуді нәсіп ет!» - деп дұға етуді ғалымдар дұрыс дейді.

       Ал ең бастысы, Жаратушымыздың шын жүректен сұраған дұғаларымыз бен ті- лектерімізді қабыл ететінін ұмытпағанымыз жөн.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін