Ізгіліктің үлгісі-етікші Баба

Сұлтан Мұрат хан сол күні қуанышты еді. Асыққан адамдай, бірдеме айтқысы келеді, бірақ, кейін айнып қалады.Қуанышты да емес, қайғылы адамға да ұқсамайды. Бас уәзір Сияуыш Паша:
-Жақсылық па, мырза? Жаныңызға батқан бірдеме бар ма?-деп сұрады.
-Түнде бір түс көрдім.
-Иншааллаһ Жақсылығын берсін.
-Сонда қалай?
-Дайындал, сыртқа шығамыз.
Сөйтіп, молданың киімін киіп алған екі кісі жолға шықты.(Осман мемлекетінде патшалар ауық-ауық халықтың бірі сияқты қарапайым киініп алып, халықтың ішіне араласып ,олардың хал-жағдайларын білетін).Падишаның әлі де болса көрген түсінің әсерінде және баратын жерін өте жақсы білетіні байқалып тұрғандай еді.Тез, нық адымдармен Баязитке барып, Вефаға бұрылып, Зейректен төменге қарай түседі.Ұнқапанында кішкене дем алып, жан-жағына байыппен қарады .Сол уақытта жерде жатқан бір мәйітті көреді. Қасындағылардан сұрады:
-Бұл кім?
Халық:
-Көңіл бөлмей-ақ қойыңыз .Молдеке-деді .Маскүнем, араққұмарлардың бірі ғой.
-Қайдан білдіңіз?
-Қалай білмеске. Қырық жыл бойы көршіміз еді. Басқа біреуі де сөзге араласып:
-Танисыз ба?-деді.Негізінде өте жақсы өнер адамы еді. Азаптар базарында жұмыс істейді. Етіктің сапасын жасайды Бірақ, тапқан пайдасын ішімдікке, жын-ойнаққа, қайда аты шыққан әйел болса, соған жұмсайды.Әрі үйіне шиша-шиша арақ тасиды. Әрі жезөкше әйелдерді үйіне ертіп баратын. Әсіресе қарт біреуі өте өкпелі еді:
«Қаласаңыздар, көршілерінен сұраңдар»,-деді. «Сұраңдар көрейік,оны жамағаттың арасынан (мешітте) көрген бар ма екен?». Ақыры, ауыл тұрғындары артына бұрылып кетеді. Ал, біздің молдаларға келсек, бас уазір кетуге жинала бастады.Падиша оның жолын бөгеп:
-Қайда?- деді.
-Білмеймін, бұл адамнан ұзақтау тұруды қалайтыныңызды ойладым.
-Бұл халық қой, бұрылып жүре береді. Ешкімге ештеңе дей алмаймын.Бірақ, біз кете алмаймыз, бұл да біздің қол астымыздағы адамымыз. Жерлеуіміз керек.
-Жақсы ғой. Сарайдан бірнеше молда жіберіп, бұл жауапкершіліктен құтылармыз.
-Болмайды.Түстегі құпияны әлі де шеше алмадық.
-Олай болса, не істеуімді әмір етесіз?
-Молдалықты жалғастырамыз. Өлікті мына жерден алып кетуіміз керек.
-Бірақ, мырзам қалай алып кетеміз?
-Бәз баяғы қалпында,алып кетеміз.
-Өйтпеңіз сұлтаным, мұның жуылуы, тазалануы ләзім. Кебіні, дұғасы дегендей.
-Абыржыма, мен де ебін табармын. Бірақ, алдымен бір жуатын жер табуымыз керек.
-Жақын маңда ауыл мешіті бар,бірақ.....
-Болмайды. Өлген сен болғанда, жаназаңның қай мешітте оқылуын қалайтын едің?
-Қайдан білейін, Аясофиядан, Сүлейманиядан, ең болмағанда Фатих мешітінен.
-Аясофия мен Сүлейманияда мемлекет адамдары көп, олардың бізді танып қойуы мүмкін.Фатих жамиін (мешіт) жақсы дедің ғой. Қане, көтерейік. Сөйтіп, мешітке келді.Уәзір ары-бері жүгіріп, кебін табыт тауып әкелді.Падиша мыс қазанды ошаққа қойды.Тәртібімен әдемелеп жуғанында, мәйіт бейне бір нұрға бөленіп, жарқырады.Жүзі болса пасықтардікіне ұқсамайды.Әрі ернінде терең мағналы күлімсіреу байқалады. Падишаның қаны бұл адамға жылынғандай, уәзір де солай. Кім екені белгісіз мәйітті кебіндеді, табытқа салды. Бірақ,намаз уақытына әлі де біраз уақыт бар еді. Уәзір шыдамсыздана әрі-бері жүре бастады.
-Сұлтаным-деді ,бәсең дауыспен,-Мүмкін дұрыс істемеген шығармыз?
-Абыржыдық, сұрамастан жаназаны осында алып келдік.Кім біледі. Мүмкін әйелі бар шығар, әлде артында қалған балалары....
-Дұрыс, солай екен ғой, қайтеміз енді. Сен басында күт. Мен ауылды айналып келейін.Уәзір құран оқып,таспих тартуға кірісті,падишах жат оқиғаның басталған жағына қарай жүгіре жөнелді.Сұрай-сұрай мәйіттің үйін де тапты.Есікті қарт бір әйел ашты.Оқиғаны бастан-аяқ табандылықпен тыңдайды.Әйтсе де осы өлімді күткендей еді.
-Ақыңды халал ет, балам –деді,-Өте қатты шаршаған екенсің.Кейін әйелі отырып,қолдарын жұдырықтады,маңдайына қойды.Жылады ма? Жоқ. Бірақ, көздері жұмулы, есіне алған болар, бәлкім.Біраздан соң қиялынан шошып оянғандай болды.
-Білесің бе,ұлым?-деп мұңылы кұйде айта бастады.
-Біздің мырза өзгеше бір әлемдей еді,саламат болсын.Азаннан кешке дейін етік тігетін.Бірақ,біреудің қолынан шарап бөтелкесін көрмесін,көрсе дереу қолындағысының бәрін беріп,сатып алатын еді.Сосын әжетханаға апарып төгіп тастайтын.
-Неге?
-Мұхаммедтің үмбеті ішпесін деп....
-Қызық.
-Сосын, жезөкше әйелдердің ақыларын төлеп,үйге алып келетін.Оларға,Мен сіздердің уақыттарыңызды сатып алдым ба? Алдым.Олай болса,қазір тыңдауларың керек.Сөйтіп,шығып кететін.Мен де оларға ғажайып хикая-лар айтып беретінмін.Ғылымхалдан....Исламнан дәлелдер оқып беретінмін.
-Қап! Алайда халықтың ол туралы ойы қандай еді?
-Халықтың не ойлағанына мән бермейтін.Қош,ол әр заман алыс мешіттерге баратын. «Сондай бір имамның артында намазға тұру керек.Ол тәкпір алғанда Қағбаны көретіндей...» деп айтатын.
-Дұрыс,қазір,сондай имамдардың қаншасы қалды?
-Сондықтан Нишан-жия,Софұларға дейін баратын.Сондай бір күні: «Қараңыз,мырзам»-дедім.Сіз осылай істейсіз,көршілер басқаша ойлайды.Сеніңіз маған,жаназаңыз қалар ортада.
-Дұрыс,солай болды ғой.
-«Ешкім әуре болмасын» деп мазарын өзі қазды бақшада.Бірақ мен айтқанымнан қайтпадым.
-Тірлік мазармен бітер ме?-дедім.Сені кім жуады.Кім жерлейді?
-Жарайды, ол не деді?
-Алдымен ұзақ күлімдеп,сосын: «Аллаһ ұлы ханым»,-деді. «Әрі падишаның жұмысы не?».
-!!!
Аллаһ тағаланың сондай құлдары бар,халық оларды білмейді.Қош,кейде өздері де дәрежесінің парқында емес.Шынай жүрекпен иіліп,Мұхаммед үмметіне,мұсылмандардың халифасына дұға етеді.Шын жүрекпен жалбарынуы арқылы сауыт болар сұлтанға ...Бір ғана таңсәріде көзжасымен айтылған дұғасымен,мыңдаған снарядтың жасай алмағанын жасайды.Патшаларды құлатып,қорғандарды паршалайды.
Міне,осы мәйіт кейіннен «НӘЛІНШІ (етікші) БАБА» деп танылған Аллаһ достарының бірі еді.Шын аты Мұхаммед Мими мырза.Берғама жерінен.1592 жылы қайтыс болған.Жаназа жұмыстарын падишаның өзі атқарған.Ол қасиетті жанды үйінің бақшасына жерледі.Қабірінің үстіне күмбез орнатты,ішіне құдық қаздырды.Тіпті,атына бір медресе ашып,атын мәңгілікке жазды.Мазары Стамбулда.Бұл ғибратты хикаяны оқыдық.Енді осы жайлы бір ойланайықшы.Осындай кісілер қалай өмір сүреді? Біз қалай өмір сүреміз? Өткен заманның бізден қаншама нәрсені алып кеткенін ашықтан-ашық көріп тұрған жоқпыз ба?

 

Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Б.Алпысбайұлы

 

 

 

 


 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін