Сәби күлгенде періштені көреді деп ойласаңыз...

Сәби кұлгенде періштені көреді екен. Соның дінімізде негізі бар ма? 

 

Кейде жаңа туған сәби алғашқы айында өзінен-өзі себепсіз күліп, жымиып жататыны рас. Әсіресе, шалқасынан жатқан кездері төбеден көз айырмай бейне бір көріністі қызықтап тұрғандай, ішек-сілесі қатып күліп қоя беретін сәттері кездеседі. Психологтар ондай күйді «рефлекстік құбылыс» деп атайды. Яғни, сәбидің қуығы толғанда қалайша өздігінен еріксіз зәр жіберіп жататын болса, солайша, бабы жасалып, жағдайының жақсы болуы да жүзінде кәдімгі жымиюға ұқсас күй тудырады екен. Дегенмен, ғылым сәбидің алғашқы кезеңіндегі күлкіні нақты ашып түсіндіруге әлі күнге дейін қауқарсыз.

Ал қарапайым халық оның себебін тылсым әлемнен іздеуге тырысқан. Кей адамдар періште күлдіртеді десе, тағы біреулері болашағындағы қызықты сәттері көз алдына келеді екен дейді. Пешенесіндегі бақытты сәттер көрінгенде күледі, қайғылы сәттерінде жылайды-мыс.

Әйтсе де, мұның дінімізде ешқандай негізі жоқ. Дәлірек айтқанда, аталмыш нанымның дұрыстығына сүйеніш болар дінде қандай да бір хадис не сахаба сөзін кездестірмедік. Ең дұрысы - Аллаға аян!   

Абдусамат Қасым
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін