Жұбайың сенен жылулық сезбесе...

Біздің компьютерлік заманда қарым-қатынас оңай болып көрінгенмен, жылы сөз біз бір кездері оқыған кітаптағы кейіпкерлердің жанындай нәзік болып қала береді. Олар дәл бұрынғыдай гүлдерді, тосын сыйларды және өздеріне қаратып айтылған қошемет сөздерді (комплимент) жақсы көреді. Сіз жарыңызға жақсы сөздерді жиі айтып үйреніңіз. Себебі, күйеуінен жылы сөз естімеген әйел басқаның тәтті сөзіне тез алданады. Оның сырт бейнесі әрдайым керемет, оның сұлулығы ешқашан қайталанбайды деген мәндегі қошемет сөздер әйел адамның езуін еріксіз жымитады да, айналасын нұрға бөлейді. Сүйіктіңіздің бойындағы өзгерістерді назардан тыс қалдырмаңыз. Оның әдемі киім үлгісін, сіз үшін әдеміленгенін байқағаныңызды және оған өте жарасымды екенін айтыңыз. Тек асыра сілтеп, жасандылыққа бой алдырудан аулақ болыңыз. Әйел баласы өте сезімтал. Шын көңілмен айтылмаған сөзді олар бірден байқап қояды. 

Ақпарат көзі: http://asylarna.kz/maqala/maqalainfo/390 © «Асыл арна» рухани-ағартушылық телеарнасы

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін