Ерлі - зайыптылар нәресте бар бөлмеде қатынасқа түсуден сақтансын. Себебі...

Ғұламаларымыз тіпті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне және алдыңғы өткен ізгі кісілердің хабарларына сүйене отырып жыныстық қатынастың көптеген әдептерін көрсеткен. Солардан үзінді келтірейік:

1. Төсек қатынасының алдында «бисмилләһ» деп, сүннетте келген дұғаны айту. Хадис имамдары түгелге дерлік Абдуллаһ ибн Аббастан (р.а.) мына хадисті риуаят еткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: 

«Сіздердің біріңіз әйеліне жақындаспақ болса; «Бисмилләһ, Аллаһумма жәннибнәш-шайтан, уә жәннибиш-шайтана мә разақтана» деп айтсын. Егер осы (төсек қатынасының нәтижесінде) араларында бала пайда болса, ол балаға шайтан ешқашан зарар жеткізе алмайды». 

2. Әйелді төсек қатынасына дайындау. Еркектің күтпеген жерден бірден әйеліне бас салуы оның төсек қатынасындағы әдепсіздігі болып табылады. Әйел еркек сияқты жыныстық қатынасқа жылдам дайын бола алмайды. Сондықтан да шақуат талабы оянған еркек жұбайын төсекке еппен тартуы керек. 

3. Еркектің дөрекілік көрсетпеуі және асығыс әрекетке бармауы. Төсек қатынасы еркек пен әйелден үйлесімділік талап етеді. Қатынас екеуіне бірдей жағымды болғанда ғана ләззат, тоят көрініс табады. Сондықтан да еркек дөрекі қимылдап ісін тез бітіре салмай, асықпай баптап, қашан әйел бойынан кеткенше күткені жөн. Өйткені, әйел кісі еркекке қарағанда бойын кешірек береді. Толық тоят таба алмай қалған әйелдің бойында мазасыздық пайда болып, төсек қатынасына салқын қарап, одан жеруі мүмкін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: 

«Қайсыбіреулерің әйелімен төсек қатынасын жасаса, оған адал болсын. Егер ол қажетін (әйелінен) бұрын өтеп қойса, оны қажетін өтеп болғанша асықтырмасын.

4. Еркек пен әйелдің сырт көзден оңаша болуы. Бұл дегеніміз есік-терезелерді жабу, пердені түсіру, мысық сияқты үй жануарларын жатын бөлмеден шығару, мүмкіндігі болса, емізулі баланы да басқа бөлмеге уақытша ауыстыру.

5. Төсек қатынасы барысында екеуінің әурет тұстарын қалқалаушы жамылғының болуы.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін