Қарызға белшесінен батқан жанға таптырмас көмек

Алиден (р.а.) жеткен риуаятта: «Бірде Алиге құлдықтан біржола құтылу үшін қожайынына белгілі мөлшерде төлемақы төлейтін болып келісім-шартқа отырған бір құл келіп: «Келісім-шарттағы қарызымды өтей алмай жатырмын. Маған қолұшын берсеңіз», – деп өтініш айтады. Сонда Али оған: «Алла елшісінің (с.ғ.с.) маған үйреткен дұғасын саған да үйретейін бе? (Бұл дұғаның қасиеті): мойныңда таудай қарыз болса дағы Алла тағала одан құтылуыңа жәрдем береді. Ендеше: «Аллаһуммә икфини бихаләликә ан харамикә, уә ағнини бифадликә аммән сиуәкә» (Уа, Алла тағалам! Харам (арам) еткендеріңнен тыйылу үшін маған жеткілікті мөлшерде халал (адал) ризығыңнан нәсіп еткейсің! Шексіз рақымыңмен мені Өзіңнен басқа ешкімге кіріптар ете көрме!) – деп дұға ет», – деп айтты» -делінген (Тирмизи, дағауат 111).
 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін