Балаңыз табалдырықты басып жүр ме?

Есік ашқан жас жігіт табалдырықты басып, тұрып қалды. Ол жөн сұрағанша:

 

- Балам, қазақ табалдырықты баспай, аттап өтеді. Ішке еніп, жөніңді айт, - дедім.

Қаракерей Қабанбай батырдың кесенесіне құран оқыта келген екен. Қалаға қайтарында:

- Аға, табалдырықты неге баспайды, - деп сұрады.

Түсіндім. Қаланың баласы және үйде қазақы тиымдарды ескертіп отыратын ата-апасы болмаған.

- Балам, - дедім, жас жігіттің білім құштарлығына разы болып. - Жаз- жайлау, қыс-қыстауды мекен еткен қазақтың келіншектері ертеректе киіз үйде босанған. Баланың жолдасын (кейде-шарана деп те айтады) ит-құс сүйреп кетпес үшін табалдырықтың оң босағасын тереңдете қазып, көміп отырған, - дедім.

alashainasy.kz
 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін