Жігіттерге ең қажетті он өсиет

Ертеректе ата-әженің тәрбиесін көрмей өскен бала өте сирек кездескен, сондықтан болар, оларды «көр­генді бала», «тәрбиелі бала» аталатын. Ата-әженің тәр­биесін алған баланың бойынан үлкен-кішіге деген құрмет, мейірім, имандылық, рухани тәрбиені ашық көруге болады. Тіпті, қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі бауырына басып тәрбиелеген. Кейде ол кенже ұлының орнына атасының қарашаңырағына ие болып та жатады.

Күнделікті өмірде үлкен кісілердің «жасымда бейнет бер, қартайғанда зейнет бер», деп Жаратқаннан тілеу тілеп отыратындарын көреміз. Кейбір қарияларымыздың қартайғанда ағайын-туыс, отбасына абыройлы, ал баз біреулерін, керісінше, отбасының, бала-шағаның берекесін қашырдың деп қарттар үйіне өткізіп жатқандарының да куәсі болып жүрміз. Отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрып пен салт-дәстүр ата дәстүр түрінде атадан балаға, әкеден немереге беріліп, бүгінгі күнге де жетті. Кезектегі мақаламызда әженің жігіттерге айтқан гауһарға бергісіз асыл өсиеті мен кеңесі жайлы сөз етпекпіз:Жар қылып алар қызыңның шешесіне қарарсың. Шеше көргенді ал. Алма ағашынан алысқа түспейді Сонан соң әкесіне қара. Әке қатал, әрі мейірімді болуы керек. Билігі еркекте болған үй береке. Осыны ұмытпа.Еркек балалары мен қоса әйелін де тәрбиелейді. Олардың санасына Исламды құй. Дін жолын үйрет, оқыт. Аллаға жақынның адасқанын көргенім жоқ. Сондықтан осы іске жақсы көңіл бөл.Алғаның басқаны емес, әуелі сені сыйласын. Күйеуін ерім, балаларымның әкесі, болашағым деп сыйлаған әйел сенімен қоса бүкіл әулетіңді құрметтейді. Оның құрметі саған әулетіңнің алдында абырой сыйлайды.Оны қадір тұт. Бар жақсы сөзіңді арна. Жұрттың, балаларыңның көзінше құшақтап, сүйме. Өзіңнің де, оның да қадірін қашырасың. Оның барлығы оңашада қылар іс. Ал басқа уақытта көз қарасың мен оған жасар жақсы ісің де жетіп жатыр. Оның жасар ісіне араласпа. Ақылды әйел сен араласпай-ақ қажет ақылын өзі келіп сұрап алады. Оны қызған. Тек жөнімен болғаны дұрыс. Ал шамадан артық қызғану ұрыс-керіске себепші.Қанша ұрыс-керіс болса да өз араларыңда болсын. Сыртқа шығарушы болма. Ұрыс-керісте я сен жеңіл, я ол жеңілсін. Ал қателік пен дұрыс-бұрысын ашуларың басылған соң талқылаған жөн. Оны ешқашан алдама. Кез-келген жағдайда тек шындықты айт. Оның өзіңе деген сенімін жоғалтып алма. Сезімнің іргетасы сенімнен қаланатынын ұмытпа.Не нәрсеге де сабыр қыл. Барды қанағат тұт. Әйеліңнен де осыны талап ет. Сол кезде ғана өмірдің барлық тосын жайларына қарсы тұра аласыңдар…Қазақ отбасында ұрпағына ұлттық тәрбие беретін ата мен әженің орны қашанда ерекше саналған. Әжелеріміз ертегі-аңыздарын, жыр-дастандарын айтып, немере-шөберелерін рухани жағынан сусындатса, аталарымыз ақ батасын беріп, өсиет-насихаттарын айтып отырған. Мәселен, Балғожа би мен Зередей зерек әжесінің ертегі-аңыздарын, жыр-дастандарын тыңдап, тәрбиесін алып өскен Ыбырай мен Абай аталарымыз да қазақтың ұлы тұлғаларына айналды. Ата мен әженің тәлімді тәрбиесін алған сіздің балаңыздың да күні ертең еліне елеулі, халқына қалаулы жақсы азамат, құрметті отағасы болмасына кім кепіл?

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін