Мінезді түзеудің 3 жолы

Өзіңізді тәрбиелеудің, көркем мінезқұлыққа баулудың басты жолы – ұстазыңызбен барынша жақын танысу және оның өсиеттерін (хадистерді) бұлжытпай орындау, өмірдің кез келген сәтінде оның істерінен үлгі ала білу, сүннетті серік ету.

Екінші бір тәсілі – мінезі көркем адамдармен жолдас болу, олармен жиі әңгімелесу. Адамдардың жаман қылықтарынан жирену, жақсы тұстарын үйрену.

Үшінші бір тәсілі – Омар ибн әл-Хаттабтың өсиетіне еру. Ол: «Адам бойында болмысынан келе жатқан он мінез бар, оның тоғызы – жақсы, біреуі – жаман. Жаманыныңбасын бос қоя берсең, басқаларын бұзады» деген екен. Яғни, жақсылыққа ермес бұрын жаман мінездеріңізбен күресу керексіз.

Сөз соңында айтарымыз, кез келген іс Алла разылығы үшін және шынайы ықыласпен жасалғанда оңайға түспек, ендеше, алдымен ниетіңізді түзеуден бастаңыз.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін