МҰСЫЛМАН ЕМЕС АДАМҒА ДҰҒА ЖАСАУҒА БОЛА МА?

Мұсылман емес,яғни кәпір адам қайтыс болса, күнәсі кешірілуін және оны Алла тағала жарылқауын тілеп дұға жасауға болмайды. Кеңірек айтар болсақ, имам ән-Науаи:"Кәпірдің артынан жаназа оқып, күнәсін кешіруін сұрап дұға жасауға Құран және барлық ғұламалар келісімі бойынша тыйым салынады. Алайда,тура жол сұрап, иманға келсін деп дұға жасауға болады. Сонымен бірге, мухариб [1] мәртебесіндегі жат діндегі адамға бала-шаға, мал-дүние, амандық пен денсаулық сияқты дүниелік пайдаларды тілеп дұға жасалмайды. Ал, арада (бейбіт қарым-қатынас) болған мұсылман еместерге дұға жасаудың әбестігі жоқ [2]"-дейді.

Қорыта айтқанда, басқа діндегі көрші-қолаң, жұмыстағы әріптестер науқастанып қалса, көңілін сұрап шипа тілеуге  болады.

[1] Мухариб-соғысушы тарап болып саналатын адам.

[2] Мажмуъ, ән Науаи

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін