Түнде беті ашық қалған тамақты жеме

Халқымызда түнде тағамның беті ашық қалмауы тиіс деген ұғым бар. Аналарымыз ыдыстың бетін жабатын қақпағы болмай қалған жағдайда бетіне «Бисмиллә» деп жіңішке ағаш сиқты нәрсені көлденең қоятын.

Жәбир (р.а) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.ғ.с): «Ыдыстарыңның (су, тамақ) бетін жабыңдар, есіктеріңді (түнде) ашық қалдырмаңдар және шырақтарыңды сөндіріңдер. Ақиқатында, шайтанға сусын беру, оған есіктерді ашу және ыдыстарды ашық (алдына тамақ жайып қою) қалдыру халал емес. Біреулерің ыдыстың бетін жабатын нәрсе таба алмаса, «Бисмиллә» деп  ыдыстың бетіне көлденең бір нәрсені қойсын...»[1] десе, тағы бір хадисте: «Ыдыстарыңның (су, тамақ) бетін жабыңдар. Расында бір жыл ішінде оба ауыруы жүретін бір түн бар. Бұл оба ауыруы тек ашық ыдыстағы тағамдарға түседі»[2]  деген.

                                                                                          Абдусамад Оқан         

 


[1]Шарху ән-Науауй ғәлә Мүслим, Китәбул әшриба, 96-хадис, 1277-бет.
[2] Шарху ән-Науауй ғәлә Мүслим, Китәбул әшриба, 99-хадис, 1279-бет.

 

  Басқа сұрақтар   

Алған қарызды қайтармаудың үкімі.
Бақсы-балгердің айтқандарына сенуге бола ма?
Дәрет қалай алынады?
Қонақасы кезінде ер-әйелдердің аралас жүруі.

Намаз оқымайтын жанның үкімі.
Шаңы бар киімге тәяммүм соғуға бола ма?
Соңғы сапта жалғыз намаз оқудың үкімі.
Өлім шыққан үйде құран оқу шариғатта дұрыс па?
Азаматтық некенің шариғи үкімі қандай?
Намаз біткен соң намазхандардың қол алысуының үкімі қандай?
Хиджаб киетін қыздардың көшеде боянып жүруіне бола ма?
Пластикалық ота жасату шариғатта дұрыс па?
Қыз беріп, қыз алысуда жеті атаға қарамаса бола ма?
Дуаланған адамды емдеуге бола ма?
Намазда қанша рәкағат оқығаным жайлы күмәндансам не істеймін?
«Фатиха» сүресінде кездесетін «ض» әріпін қалай оқыған дұрыс?
Ханафи мәзһабындағы дәрет парыздары
 Қыздар неше жасында тұрмыс құрғаны жөн
Ажырасқаннан кейін балалар кімде қалады?
Некесіз бала... күнә ма? 

 11 жастағы қызға жүзу үйірмесіне баруға бола ма?
 Дұға жасағанда «Иншә Алла» сөзін айтуға бола ма? 
ҰБТ-дан көп балл жинау үшін ақша берсем бола ма?

 

© 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін