Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бір көзді ананың хаты
09 мамыр, 2014 жыл 173 Басып шығару нұсқасы

Бір көзді ананың хатыАнамның бір-ақ көзі болатын. Оны жек көретінмін, себебі оның бұл жағдайы мені қатты ұялтатын. Үйдегілерді бағып-қағу үшін мектепте аспазшы боп жұмыс істейтін. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді, мен оны көрмегенсіп ол жерден қашып кеттім. Ертеңіне досым: «Сенің анаңның бір-ақ көзі бар екен ғой» дегенде, ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Мұндай жағдайға түсіруге қалай ғана дәті барды екен? Кездескенімде: «Мені осылай ұялқанша, жоқ болғаның жақсы болар еді» дедім. Оған одан әрі шыдай алмас едім, қандай күйде болғаны еш ойыма кіріп шықпады. Қажырлы еңбектің арқасында үйленіп, үй болып Сингапурға орналастым. Анам бір күні немерелері мен жылдар бойы көрмеген, мені көру үшін Сингапурға келді. Балаларым оны көріп күле бастады.
«Балаларды қорқытпай тез арада бұл жерден кет», – дедім.
«Ғафу етіңіз, мекен жайдан жаңылысқан болармын», – деп кетіп қалды.
Бір күні мектеп түлектерінің бас қосу кешіне шақыру келді. Әйеліме жұмыс бабымен кеттім деп, бұл кешке қатыстым. Кештен кейін қызығушылық танытып, ескі үйіме бардым. Көршілер анамның қайтыс болғанын, және маған бір хат тастап кеткенін айтты. Хатында:
«Сүйікті ұлым! Бастауыш сыныпта сені ұялтқаным, Сингапурда балаларыңды қорқытқаным үшін өкінемін. Өмір бойы әрдайым сені ойладым. Және жылдар бойы сен үшін ұяттың көзі болғаныма да өкінемін. Түлектердің бітіру кешіне келетініңе қатты қуандым, бірақ орнымнан тұрып, сені көре алар ма екенмін, білмеймін... Білесің бе, кішкентай кезіңде бір қазаға ұшырап көзіңнен айырылған едің, анаң ретінде сенің бір көзбен өмір сүруіңе шыдай алмас едім, осылайша бір көзімді саған бердім. Және менің орныма дүниені көріп жүр деп, өмір бойы сені мақтан тұттым»
Саған деген сүйіспеншілікпен,
АНАҢ


Сайтқа дайындаған: Ақерке Райымбекова





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары