Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әке мен бала
16 мамыр, 2014 жыл 271 Басып шығару нұсқасы

Әке мен балаӘбу Ханифаның баласы ғылыми айтыс-тартысты ұнататын, әрі жат топтардың теріс пікірлеріне еліктеп кете жаздағанда, әкесі оны олардан қайтарып алатын. Сонда баласы әкесіне таңырқай қарап: «Мен сенің де әр қилы мәселелерде пікір таласып, айтысатыныңды көретінмін, ал енді мені содан тыйғаның қалай?» – деп сұрайды. Әбу Ханифа: «Балам–ау! Біздің пікірталастағы сақтығымыз соншалық, төбемізде құс қонып тұрғандай аса мұқияттылықпен сөйлеуші едік. Бәсекелесіміз қателеспей, екеуіміздің де ойымыз бір жерден шықса екен деп тілейтінбіз. Ал сендер бір-біріңнің беттеріңнен алып, қарсыластарыңның қателесіп, тура жолдан адасқанын қалап тұрасыңдар. Есіңде болсын, кімде-кім бәсекелесінің қателесіп, тура жолдан адасқанын қаласа, ол оның діннен шығуын қалағанымен бірдей. Ал серігінің дінсіздігін қалаған адам, сол арам ниеті үшін, әуелі өзі дінсіздер қатарына қосылады», – деген екен.


 Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары