Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жігіт бен қыз некелерін тойдан бұрын қиюларына бола ма?
07 тамыз, 2014 жыл 48 Басып шығару нұсқасы

Жігіт бен қыз некелерін тойдан бұрын қиюларына бола ма?Қалыңдық жігіттің үйіне келін болып түсерден бір-екі апта бұрын ғана некелерін қиюларына болады. Әрі бұл екі жақтың ата-аналарының рұқсатымен болуы керек. Көптеген мұсылман елдерінде жігіт бен қыз тойға әзірлкті бірге жасайтындықтан некелерін тойдан бұрын қиып қояды. Алайда тойдан бір немесе бірнеше ай бұрын неке қиюларына болмайды. Өйткені, некелері қиылған жігіт бен қыз «ерлі-зайыптымыз» деп күндердің бір күні жақындасып қоюлары мүмкін. Содан соң көп ұзамай бір-бірімен жараса алмай ажырасып кетулері мүмкін. Олардың некелерінен бейхабар құдалар кейіннен естіп білсе арты дауға ұласары анық. Той болмағандықтан бұл ел-жұртқа «азаматтық неке» болып қана көрінбек. Әсіресе, тойдан бұрын қыздың аяғы ауыр болып қалса, қанша тақуа болса да бұл жағдайды түсіндіре алмайды. Атам қазақтың «үйлену оңай, үй болу қиын» деген қанатты сөзінде терең сыр жатыр.





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары