Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұхаммед (с.а.с) пайғамбар
20 тамыз, 2014 жыл 487 Басып шығару нұсқасы

Мұхаммед (с.а.с) пайғамбарАлла Тағала Құран Кәрімде: «Мұхаммед, Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» (68/4) және «Ахзаб» сүресінің 21 – аятында: «Расында сендер үшін, Алла Тағаланы және ахирет күнін үміт еткендер және Алла Тағаланы көп еске алған кісілер үшін, Алланың елшісінде көркем өнегелер бар», - деп, Алла елшісінің, Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көркем өнегесінен үлгі алуымызды бұйырады.
Пайғамбарымыз, Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Мен көркем мінездерді толықтау үшін жіберілдім», - дейді, тағы бірде: «Мені Раббым жақсы тәрбиеледі», - деген.
Дүние, ахриетте бақытқа ие болу үшін Пайғамбарымызды. Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзімізге үлгі етіп, көркем мінезін басшылыққа ала отырып, ұдайы сүнеттімен жүруге тырысуымыз қажет. Пайғамбарымыздың, Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көркем мінездері Құранмен ұштасып отырады.
Пайғамбарымыздың, Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, біздерге өнеге болатын көркем мінездеріне аз да болса тоқталайық: Әуелде Пайғамбарымыздың, Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әр ісі ақылға сәйкес әрі тура еді. Өмірінде ешбір өтірік емес. Ешкімді мазақ қып тәлкек қылмады. Ешкімді ғайбаттамады, сыртынан жамандамады. Көре алмастық, қызғаншақтық етпеді. Өсектен, жаладан аулақ еді. Әрі мұндай мінезділікті әсте жаратпайтын еді. Дүние, ахиретке пайдасы жоқ бос сөздермен уақыт өткізуді қаламайтын еді. Ешкімге өкпелемейтін еді де, өкпелегенді жаратпайтын еді.
Пайғамбарымыздың, Оған Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын, саудамен де шұғылданған болатын. Бірақ өте туралық істеп, зәредей қаралық істеген емес. Үй-іші тұрмысы тамаша, үй-ішімен мейлінше жақсы тұратын. Оларды әсте кейітпейтін, балаларын өте жақсы көретін.Әсіресе жетім-жесірлерге артықша мейірімділік етіп, көмек етуге тырысатын. Көрші хақын мейлінше сақтап, оларды ешқашан ренжітпейтін. Тіпті хайуандардың да хақын мойындап, қинамауды әмір ететін. Кіріскен ісін шала тастамай, бітіруді қалайтын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жомарт еді. Кішіпейіл еді. Әркімді лайықты түрде сыйлаумен қатар, үмметіне де солай етуді нұсқайтын. Өте әдепті, тым ұқыпты еді. Біреудің үйіне кіргісі келсе, әуелі есік қағып рұқсат сұрап барып, сәлем беріп кіретін еді. Қашанда кездескен адамдарға сәлем беріп, қол алысып амандасатын еді. Егер бір жиналысқа барса, қайда бос орын болса, сонда отыра кететін еді. Мәжілісте отырғанда, жанындағылар ұнатпайтын немесе қысылатын жағдайда болмайтын. Пайғамбарымыздың, Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жақсы-жаман деп айырмай, әртүрлі аурулардың қасына барып, көңілін сұрап жұбататын. Бірақ жұқпалы ауру болған жерге бармауды, қолына қол тигізбеуді, Пайғамбарымыздың Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын өте таза еді. «Тазалық иманнан», «Өзін-өзі таза ұстамағанның иманы толық емес» - деп бұйратын. Әсіресе тістердің тазалығына көңіл бөліп, әрі үмметіне де мисуак (тіс тазалағыш) қолданып, тістерін мейлінше таза ұстауды нұсқайтын. Ғұсыл құйынатын (шомылатын) ерекше жағдай болмаса да, аптасына бір рет жұма күні міндетті түрде шомылатын. Шаш-сақалын үнемі жуып, тарап, хош иістендіретін. Жағымсыз иісті, кірді әсте ұнатпайтын. Ешкімнің сөзін бөлмейтін, әркімнің сөзін тыңдамайтын еді. Ешкімнің көмескі кемшіліктерін ескермейтін. Олай етудің жаман мінез екендігін айтатын. Қызметшілерін жақсы ұстап, оларды кейітпей өзі не киіп, не ішсе, оларға да соны кигізіп, ішкізетін. Пайғамбарымыздың, Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, еңбекшіл адамдарды жақсы көретін, жалқауларды ұнатпайтын. «Қайырлылардың дүниесі үшін ахретін, ахреті үшін дүниесін тастамай, екеуіне де тең тырысып, кісіге жүк болмағандарың», - деп, өзі ұнатпаған нәрселерін басқаларға да лайық көрмеуші еді.
Қадірлі жамағат! Егер екі дүниеміздің де рахат, бақытты болуын қаласақ, Пайғамбарымыздың, Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өнегелерін әдеттеніп, машық қылуымыз шарт. Істегендерін орындап, істемегендерінен мейлінше аулақ болып, өзімізді тежеуге тиіспіз.
Пайғамбарымыздың, Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мінез-құлқы, әдептілігі, біртұтас өмірі ислам дінінің шынайы негізі, шын мәнінде Құранның іс жүзіндегі көрінісі екендігі күмәнсіз. Сондықтан жоғарғы аяттарда: «Шын мәнінде сен ұлы мінезге иесің, Алла Тағаланың елшісінде көркем өнегелер бар» - деп баса көрсетіліп отыр. Алла Тағала біздерді Өз мархаметімен өмір бойы Пайғамбарымыздың, Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көркем мінезімен жүрген, шапағатына лайық болған бақытты құлдарынан ете гөрсін! Әмин.


Абай аудандық мешітінің имамы: Имашев Х.Ф





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары