Расулуллаһ (с.а.у) былай бұйырды:
- «Аллаһу Тағаланың ең көп жақсы көрген есімдері Абдуллаһ пен Абдуррахман».
Балаларға әдемі аттар қою керек. Расулуллаһ (с.а.у) ажарсыз аттарды өзгерткені туралы риуаяттарда айтылған.
Хазреті Омардың (р.а) бір қызы бар еді, атын Асия қойып еді. (Асия емес Аси әйел мағынасына келген бір ат). Оны өзгертіп атын Жәмилә деп қойды. Берекет пен тоқшылық сияқты аттар қою ыңғайлы болмайды. Өйткені берекет пен молшылықтан сұралса, жоқ деп жауап беру керек болады. Мұны хайырға да жоруға болмайды. Мағынасында зиян және сәтсіздік болатан аттарды қоймау керек.
Мүміндердің әмірі хазіреті Омар б. Хаттаб (р.а) бір кісіден атын сұрады. Ол кісі де Жәмре (оттың шоғы) деп жауап берді. Әкесінің атын сұраған кезде Шахаб (оттың жалыны) деп жауп берді. Елін сұрады Хира (жанған қара тас) деп айтты. Сол кезде адамға:
- Мырза адам! Бар, кет, бала-шағаң отқа жанып жатыр,- деп бұйырды. Ол кісі еліне оралған кезде, шынымен бәрі де жанып кеткен екен.
Хазреті Омар (р.а) жәрдем сұрау мақсатымен құзырына шақырған бір адамға: - Атың кім? – деп сұрады.
- Сұрақұлы Залым, -деді. Ол. Сұрақтың мағынасы ұры, залым сөзі зұлымдық жасаған мағынасын береді. Хазреті Омар (р.а) ол адамға:
- Сен Залымсың, әкең ұры! Сенен қандай хайыр және пайда күтіледі? – деді.
Перзенттерге әдемі аттар сияқты әдемі лақап аттар да беру керек. Расуллаһтың (с.а.у) үш ұлы болған, оларға Қасым, Абдуллаһ және Ибраһим аттарын қойған және айырықша Таййыб, Таһир және Мутаһһар лақаптарымен атаған.
Түсік тастаған балаға да ат қою керек. Атсыз көмілген түсік балалар қиямет күнінде әкелерінің атрынан жүгіріп: «Сен мені атсыз жоғалттың» деп арызданады деп риуаят етілген.
Сонда-ақ Пайғамбар есімімен аталған балаларды балағаттамай, оларға жаман сөз айтудан және лағнет айтудан, азап беруден сақ болу керек. Бұл жағдай ол кісінің болмаған бір жерде болып және аты айтылып істелінсе өте жағымсыз бір әрекет. Бірақ, бетіне қарсы атын айтпай оны күнәлауда егер күнәсі бар болса, кедергі жоқ.
Айырықша аты Мұхаммед болған кісіге құрмет көрсету керек. Бір жиынға келген кезде оны құрметтеп және орын босатып жүзіне күліп, ашуланбай қарсы алып және ашуланып сөйлеспеу керек.
Абдуллаһ б. Аббастың (р.а) риуаят етілген:
- «Қиямет күнінде аттары Мұхаммед атында болғандар түрегелсін! –деп шақырылады. Өйткені Мұхаммед саллаллаху алейһи уә сәлләм құрметіне олар жәннатқа кіреді».
Басқа бір хадис-щәрифте Расулуллуһ (с.а.у) былай бұйырды:
- «Мен қиямет күнінде бүкіл Мұхаммед аты болғандарға шапағат етемін».
«Уағызшылардың інжу-маржаны»
Пікірлер