Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ажырасқанды Алла ұнатпайды
14 қараша, 2014 жыл 476 Басып шығару нұсқасы
mediumНекелесу Исламда қасиетті саналады. Нақты себептерсіз ажырасуға рұқсат жоқ. Некелесу мұсылман үшін Пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті.  Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Менің шапағатыма ие болғысы келген адам менің сүннетімді сақтасын, менің сүннетім – некелесу»-деген. Егер шаңырақ көтерген жұбайлардың бәрі Ислам ережелерімен өмір сүрсе ажырасу мәселесі қазіргідей кең етек алмас еді. Жұбайлар арасындағы қарым-қатынас та Алла разылығын алуға бағытталуы тиіс. Алла разылығы үшін қиылған неке отбасылық өмірдің барлық қиындығына төтеп береді. Ал төзімділік танытқан пендесіне бұл дүниеде де, ақыретте де Алланың мол сауабы бар. Пайғамбарымыз (Алланың оған рақымы мен шапағаты болсын): «Әйелдердің ең жақсысы дүниеге сәби әкеліп, ерлеріне бойұсынып, олардың мал-мүлкіне ие болатындар» -  деген. Мұндай әйелдер жұмақтағы жоғары дәрежеге лайық. Басқа бір хадисте: «Отбасына мейірімді адамның сенімі хақ, танымы биік»-делінеді.

Қазіргі таңда есеппен отбасын құру жағдайлары көп. Есеппен құрылған отбасының көпке бармайтыны аян. Оның соңы - ажырасу. Нақты бір себептерсіз ажырасу Ислам қош көрген іс емес. Жұбайлар отбасын сақтау үшін бар күштерін салуы керек. Егер сонда да нәтиже шықпайтын болса ғана ажырасуға рұқсат. Ерінің әйелін материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз ете алмауы, жұбайлардың бірінің физикалық, психикалық сырқаттары ажырасуға себеп бола алады (егер некелескенге дейін білмеген болса). Ислам шарттары бойынша ер адамның ғана талақ етуге құқы бар. Кейбір жағдайларда әйелі күйеуінен ажырасуды талап ете алады. Егер ері одан бас тартса әйел адам имамға жүгінеді.

Қазір ерлі-зайыптылар неше рет ажырасып, неше рет қайта қосылып жатады. Ал бұған  Исламда тыйым салынған. Ажырасу туралы шешім көбінесе ойланбастан, ашу үстінде қабылданады. Ажырасуға шешім қабылдамас бұрын оның рұқсат етілгендердің арасында Аллаға ең ұнамсызы екенін есте ұстайық.

Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары