Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Туысқандарға қалай қарап жүрміз?
20 қараша, 2014 жыл 104 Басып шығару нұсқасы
BM05aHSnznMҚазіргі таңда қатты белең алып бара жатқан бір жайт – туысқандық қарым-қатынастың үзілуі болып тұр. Туысқандық байланыс Аллаға жақындатады. Өкінішке қарай рухани азғындаудың салдарынан ата-бабамыздан әбден қанымызға сіңіп қалыптасқан туысқандық жүйемізге сызат түсті. Нарық заманының кесіріне балаймыз бұны бәріміз. Бірақ мәселенің бастауы имандылықта, адами құндылықтарда жатыр.
Ағалы-інілілердің, апалы-бауырлардың, ата-ана мен балаларының араласпайтын халге жеткенін көріп жүрміз. Бақуатты бола тұра, туысқандарына тиын татырмайтын, бауырларының жағдайын білмейтін жандар бар.
Әр мұсылман баласы өзінің әке-шешесіне қарауға міндетті. Бұл өмірдегі ең маңызды іс. Әке-шешенің орнын ешкім баса алмайды. Олардың жанында өткен әр сәтті бағалау керек. Олардан кейін бауырлары мен туған-туыстарымен байланысын үзбей қарайласып тұруы қажет. Құранда: Алладан қорқыңдар, туысқандық қарым-қатынасты үзбеңдер. Сендер Алла тағаланың бақылауындасыңдар» делінеді. Бақай есеп үшін емес, Алла разылығы үшін ат ізін суытқан туысқандарымызбен байланыс орнатып, оларға мейірімділік танытсақ Алла тағалаға бір қадам жақындаған болар едік.

Islamdag.ru

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары