Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адамдарға алғыс білдіру -имандылықтың белгісі!
06 желтоқсан, 2014 жыл 371 Басып шығару нұсқасы

blagodarnost001Адамдар арасындағы қайырымды қарым-қатынас – бауырластық пен адами жақсы қарым-қатынастың негізі. Ең алдымен әр сәт сайын Аллаға шүкірлік етуді естен шығармау қажет. Одан кейін айналамыздағы адамдардың әр жақсы ісіне рахмет айтуды ұмытпаған абзал.


Алла Тағала Құранда:  «Егер сендер шүкірлік етер болсаңдар, мен ризықтарыңды одан сайын арттырамын»-деген. Яғни әрдайым шүкірлік ету алар сауабымызды арттыра түспек.


Ал адамдарға әр жасаған үлкенді-кішілі жақсылықтары үшін рахмет айту, алғыс білдіру Пайғамбарымыздың сүннеті. Алла елшісі хадисінде: «Адамдарға рахмет айтпайтын адам Аллаға шүкірлік етпейтін адам» - дейді.


Бұл хадис адамдарға ризылық білдіру Аллаға ризылық білдіру екенінен хабар береді. Өйткені дәл сол сізге көмек беріп тұрған адамды Алла себепші етіп, сізге жәрдем жасап тұр. Сол себепті де ең алдымен Аллаға, содан кейін арадағы себепші адамға да алғыс білдіру қажет.


Алғысты сөзбен де жеткізуге, яки сыйлық тарту арқылы да білдіруге болады. Хадисте бұл туралы: «Сыйлық жасағысы келген адам егер тапса сыйлық тарту етсін, егер таппаса ол адамға алғыс айтып,  мақтасын» делінеді.


Егер өзіне көмек берген адамға сыйлық тарту етуге мүмкіндігі болмаса рахмет айту қажет.


Алғыс білдіру, ризалық мәселесі отбасында да үлкен рөл атқарады.


Алла елшісі бұл мәселеге үлкен мән берген. Өйткені жұбайы еріне риза болмай жататын жағдайларды жиі кездестіреміз.  Сол себепті Алла елшісі: «Еріне алғыс айтпайтын әйелге Алла назар аудармайды»-дейді.  Яғни хадисте еріне ризалық білдірмейтін әйелдердің ісі күнә есептелетінін көреміз. Дәл осылай ерінің де өз жұбайына алғыс білдіріп, ризалық танытып отыруы қажет. Сонда ғана отбасында өзара түсіністік орнайтыны анық.


Қорыта келгенде: «Өзіңе не тілесең айналаңдағы адамдарға да соны тіле, өзіңе нені тілемесең өзгелерге де олай жасама» деген қағидаға тоқтаймыз. Кез-келген жақсылық бұл дүниеде болмаса да, ана дүниеде алдыңнан шығатынын ұмытпау керек.


 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары