Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Үкілі үміт
05 қаңтар, 2015 жыл 58 Басып шығару нұсқасы
Баяғыда әкелі-балалы жандар өмір сүріпті. Қанша тәрбиелесе де, жағымсыз қылықтан алшақ болуды үйретсе де қайталана беретін баласының сотқар қылықтары әкесінің жанына батады екен. Бірде бала кенеттен қатты науқастаныпты. Әкесі қолдан келгенін аянып қалмағанмен, ұлының жағдайы күннен күнге нашарлай береді. Перзентінің сотқар  мінезінің түзелмегеніне іштей налыған әкесі:
– Ұлым-ау, алда-жалда о дүниелік болып кетсең жағдайың не болмақ? Қиқар мінезіңді де түзеп үлгірмедің, – депті ақыретін уайымдап. Сонда баласы:
– Әке, сіз не десеңіз де, мен зор үміттімін. Уақыт өте келе мен бұл жаман мінезден арылатын күнде келеді деп ойлайтынмын.  Осы сіттерде есейіп кеткендеймін.Алла жүрегімде! Алла рахымды! Алла мейірімділердің ең мейірімдісі емес пе? – дейді өзіне сенімді үнмен.
Көп өтпей бала көз жұмады. Қайғырып жүрген әкесі ұлын түсінде көріпті.
Одан ақыреттегі жағдайды сұрағанда, ұлы:
– Сізге айтқан соңғы сөзім үшін Алла Тағала менің барлық қателіктерімді кешірді. Ешқашан Алладан үміт үзбеу керек екен. Мен осыны ұқтым, әке, – депті.

В контакте желісінен алынды

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары