Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өзін-өзі есепке алу
12 шілде, 2021 жыл 248 Басып шығару нұсқасы

Нәпсіні тергеп отыру өте маңызды. Алла Тағала «Хашр» сүресінде: «Әй, мүміндер! Алладан қорқыңдар. Әркім ертең үшін не жібергеніне қарасын. Және Алладан қорқыңдар. Шәксіз Алла не істегендеріңді толық біледі»[3], – делінген.

«Ертең үшін» бүгіннен бастап амал жасау қажет. Әрбір адам ақырет үшін не жасап жатқанын ойлап қоюы қажет. Әрине, қиямет күні мал-дәулет, мансап, дос-жарандарың көмек бере алмайды. Тек иман мен жасалған амалдар көмектеседі. Соның үшін қияметке дайындықты жасап қою қажет. Оның үшін өткен істердің есебін жасау әмір етілген. Соның үшін де хазіреті Омар (оған Алла разы болсын): «Есеп-қисап жасалуынан бұрын, өзіңізге есеп беріңіз. Амалдарыңыз таразыға тартылудан бұрын өзіңіз оны таразылаңыз», – деген.

Хасан әл-Басри: «Мүмин үнемі нәпсіні тежей біледі. Өз басын Алла үшін қадағалайды. Осы дүниеде өзін тергейтіндердің есебі ақыретте жеңіл болады. Ал, өз қылықтарын осы дүниеде таразыламайтын жандардың ақыреттегі есебі ауыр болады», – деген.

Жасаған амалдан соң есеп-қисап қылудың мәні зор. Пенденің күннің басынан нәпсімен жақсылық жасауға шарттасып алатынындай, күннің соңында жасалған істерді есептеп алатын кезі болуы керек. Бұл саудегерлердің серіктестерімен әр жыл, ай, апта немесе күн соңында жасайтын есебіне ұқсайды. Олар мұны бес күндік пәни үшін болатын пайданы қолдан шығарып алмау үшін жасайды. Осылай болғанда, әрбір кісі бақи үшін болатын пайданы көздеп қалайша өз нәпсісін тергемеске?!

Саудагер серіктесімен есеп айырысқанда, инвестиция, пайда мен зиянға назар салады. Егер пайда көрген болса, серігіне рахмет айтады. Зиян көрсе, ақысын қайтаруды және алдағы уақытта бұл іске жол бермейтінін айтып ескертеді. Теңеп айтсақ, пенденің дініндегі инвестициясы – оның парыздары. Ал, пайдасы – нәпілдер. Зияны – күнәлары.

Пенде әуелі нәпсіні парыздар бойынша тергейді. Егер оларды жақсылап орындаған болса, Алла Тағалаға шүкір айтады және нәпсіні соған ұқсас игі істер жасауға үндейді. Егер әлдебір парызды өткізіп жіберген болса, қазасын өтеуге асығады. Егер оны кемшіліксіз орындаған болса, көбірек нәпіл намаздарымен орнын толтыруға әрекет жасайды. Ал, егер күнә жасаған болса, нәпсіні жазалайды. Оны азаптап, соған ұқсас шаралар жасайды. Қысқасы, пенде өзінің жасаған үлкенді-кішілі әрбір ісінде нәпсіні тергеп тұруы қажет.

 

Сәтбаев қаласы

«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің

ұстазы Бауыржан Амангелдіұлы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары