Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Истиқама маңыздылығы
14 шілде, 2021 жыл 220 Басып шығару нұсқасы

Араб тілінде «әл-истиқама» сөзі – туралықты ұстану, тура болу деген мағынаны білдіреді. Терминдік мағынасы: әл-истиқама - хақ діннің жолына түсіп, одан оңды солды ауытқымау, діннің барлық бұйрықтарына бағынып, тыйымдарынан тыйылу.

Адам баласының табиғатында әлсіреу, өзгеру сынды сипаттар бар. Осы себепті де кей адамдар өзіндік ұстанымынан ауытқып, орындап жүрген құлшылықтарын таптап қойып жатады. Бұлай істеу – қанша уақыт қиналып үй тұрғызып, кейін оны бұзып тастаудың мысалына ұқсас. Алла тағала Құран-кәрімде: «Жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан әйелге ұқсас болмаңдар» (Нахыл, 92-аят) - деген. Жібін қанша уақыт машақатпен иіргеннен кейін, сол жіпті тарқату қаншалықты ақылға сыйымсыз көрінсе, жақсылық амалдардан кейін күнәлі іске бет бұру одан да сорақы. Ал басқа бір аятта Алла тағала: «Раббыңа өлім келгенге дейін құлшылық ет» - делініп, адам баласына соңғы демі шыққанға дейін тағат құлшылықта болуға әмір етілген. Кез келген жанға тура жолдан айнымай, өзіндік бір қылықтылықты сақтау үшін туралық сипаты қажет.

Туралықты ұстану – Алла Тағаланың бұйрығы. Құранда Алла Тағала: «Бұйырылғаныңдай туралықта бол! Әрі сенімен бірге тәубе еткендер де (туралықта болсын). Артық кетпеңдер! Алла не істегендеріңді толық көруші» (Һуд, 112-аят) - деп айтқан. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тәлімін көрген ғалым сахабалардың бірі Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) осы аятқа қатысты: «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түсірілген аяттардың ішіндегі ең қатты әрі ауыр тигені осы аят еді. Тіпті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шашында ақтар пайда болып, сахабалар оның мәнісін сұрағанда, «Һуд» сүресінде қамтылған осы аяттың себебінен ағарғандығын айтқан еді» дейді.

  1. Әбу Амр Суфйан ибн Абдуллаһ (оған Алла разы болсын) былай дейді: Бірде мен «Иә, Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), маған өзіңнен басқа ешкімнен сұрамайтындай Ислам жайлы бір сөз айтшы», - дедім. Сонда ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаға иман келтірдім,-де, сосын туралықты ұстан», - деді. Бұл хадисте екі нәрсе өсиет етілуде. Біріншісі - иман келтіру, ал екіншісі – туралықты ұстану.

Туралықты  ұстаған  мұсылманда, оның  мінезінен, туралығы жүзінен  және  үнінен белгілі  болып  тұрады. Алла Тағала өзі тура жолға салғаннан кейін өзінің хақ жолынан тайып кетуден өзі сақтасын. 

 

Сәтбаев қаласы

«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің

ұстазы Бауыржан Амангелдіұлы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары