Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жүректі қалай тазартамыз?
16 қаңтар, 2015 жыл 588 Басып шығару нұсқасы

11 «Ол күні, Алланың алдына барғанда таза жүректен басқа ешқандай байлық та, бала да ешкімге пайда әкелмейді» (Құран)


Адамның рухани тазаруы исламда. Алла ризалығына талпынған адам өз жүрегін күнә мен жамандық атаулыдан тазартады. Өйткені күнә мен жамандық атаулы Жаратушыдан алыстатады. Өмір – бұл сынақ. Адам осы сынақтан өз жүрегінде Аллаға деген сенімін сақтап өтуі керек. Себебі шынайы таза жүрек қана Оның ризашылығына жеткізеді.


Рухани тазару тәубеге келуден, құлшылық етуден басталады. Біз жасаған күнәлар Аллаға жақындауымызға кедергі. Діннен алыстатып, иманның бақыт дәмін сездірмейді. Адам күнәдан қорғалмаған. Пенде болған соң күнә жасары анық. Өйткені күнәсіз Пайғамбарымыздың өзі Алладан кешірім сұрап құлшылық ететін. Сол себепті де біліп білмей жасаған әр күнәміз үшін Жаратқаннан кешірім сұрап, тәубеге келу маңызды. Түзелу ниетімен, ендігіде сол күнәларды қайтара жасамау үшін тәубе ету қажет.


Құранда: «Алла тәубе еткендер мен тазарғандарды ұнатады»-делінген.


Мұхаммед Пайғамбарымыз күніне 70 рет тәубе еткеннен артық іс жоқ екенін айтқан. Тәубеге келу нәпсінің қарқынын басады, оны жасаудан бас тартқызады. Кез-келген тәубе күнәдан тазартып, рухани кемелдікке жетелейді. Ендеше алтын уақытты зая кетірмей, тәубе етуге асығайық.


Өз-өзіңізді үнемі Алланы еске алып жүруге үйретіңіз. Күнделікті құлшылық ету дұғалардан тұрады. Күнделікті құлшылықты уақытылы орындаған абзал. Бір рет кейінге қалдырғаннан кейін соған дағдыланып алуыңыз мүмкін. Құран әр мұсылман үшін дін жолындағы  бағыт-бағдар. Ол жүректі тазартып, нұрға бөлейді. Қай кезде болмасын, қандай жағдайда болмасын Алладан басқа тәңір жоқ екенін естен шығармау әр мұсылман үшін міндет.


Ал Пайғамбарымызға салауат айту арқылы біз оған лайықты бағасын берміз, өйткені ол Алла мен біздің арамызды жалғаушы болды, Құранды жете түсіндірді.


Рухани тазару – бұл тәртіп, және ол физикалық тазарумен қатар жүреді. Тазалық иманның жартысы деп тегін айтылмағаны айтпаса да түсінікті. Асқазанды мешкейліктен сақтасақ, әуретті нәпсіден сақтасақ ғанибет.


Дұға еткенде күнәдан алыс болуды сұраңыз. Өзіңізді күнәдан сақтаңыз, оның сізге келтірер зор зиянынан сақтаныңыз. Иманыңызды жақсы істер жасау арқылы күшейтіңіз. Айналаңыздағыларға әрдайым көмек қолын соз білсеңіз, Алланың да сізге сауабы болары анық. Әр мұсылман өзінің әр ісін ой елегінен өткізіп, нәпсісін тыйса ғана нәтиже болмақ. Мұның барлығының негізі жүректің тазалығы мен дүниенің алдамшы, Алланың хақ екенін түйсінуде, сезінуде жатыр. Бір өкініштісі біздің екі дүниенің де бақыты иманда екенін түсіне бермейтініміз.


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары