Сынақ пен күнәнің жазасы
Жауап:
Сөз басынан айтуымыз керек, біз басқа түскен қиындықтардың қайсы сынақ, қайсы күнәміздің жазасы, қайсы жақсылық екенін анықтауға құдыретіміз жетпейді. Сол себепті барлық қиындықтар мен ауыртпалықтарды сынақ, күнәдән тазару және Алланың сыйы деп қарастырып, өзіміз жасаған күнәларымыз бен қателеріміз үшін тәубеге келуіміз керек.
1.Басымызға түскен қиындықтар мен ауытпалықтар біз жасаған қателіктер мен күнәлардың салдары болуы мүмкін. Қазақ мұндайда «Жалғанның қысасы ақыретке кетпейді» деп жатады. Және бұл үлкен көрегенділікпен айтылған сөз. Себебі расында әлдекімге зиян тигізіп, тіл тигізіп, жамандық жасаған адамның сол күнәсіне жазасын алатыны анық. Сондықтан да қамшының сабындай ғана жалған өмірде шама келгенше жан баласына жамандық қылмай, неғұрлым жақсылық жасап, Алла нұсқаған жолмен жүрсек бақыттымыз. Осындай қиындықтарға тап болғанда сабырлылық танытып, тәубеге келсек аса мейірімді Алла оны да кешіреді.
2.Басымызға түскен қиындықтар мен ауыртпалықтар біздің сабырлылығымыз тұрғысынан сынақ болуы мүмкін. Себебі адам баласы мына өмірде тек қуаныш пен қызық көру үшін келмеген. Алла Тағала ең алдымен бізді өзіне құлшылық етуге, сынауға жаратқан. Сабырлылығымыздан танбай бұл сынақтан да сәтті өтіп Алланың разылығына бөлене аламыз.
3.Басқа түске қиындықтар мен ауытпалықтар болашақтағы әлдебір жақсылықтар үшін де жіберілуі мүмкін. Яғни қайыр деген сөздің мағынасын осы арада түсінеміз. Жалпы алғанда не нәрсенің болсын қайырын тілеген абзал. Жақсылықтың да, жамандықтық да. Қазақ әсіресе қиын кездері қайырын берсін деп жатады. Демек әр қиындықтың қайыры болғаны. Ненің бізге қайырлы, ненің қайырсыз екенін Алладан артық ешкім білмейді.
Әлқисса, әр қиындықтың осындай белгісі бар. Сондықтан қиындыққа кез келген уақытта бір жақты қарастыруға болмайды. Себебі ол сынақ та, күнәнің жазасы да, жақсылық та болуы мүмкін.
Егер біз осы ауыртпалықтарға сабырлылық танытсақ, ауыртпалығынан соңында сауабы екі есе артық екенін көреміз. Бұған келесі аяттар дәлел бола алады:
Сондай-ақ келесі хадистер:
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Әмина Омарова
Пікірлер