Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кешірімді бол
23 шілде, 2021 жыл 484 Басып шығару нұсқасы

Бірде пайғамбарымыз ﴿ жорықтан келе жатып жолда түнейді. Сонда жаудың бір адамы бәрі ұйықтап жатқанда жасырынып келіп, Пайғамбарымыздың ﴿ бас жағында тұрады да қылышын суырып: «Мен сені өлтірем десем кім тоқтата алады»-дейді. Сонда Пайғамбарымыз﴿: «Алла тағала»-дейді. Сол сәтте әлгі адамның қолынан қылышы түсіп кетеді. Қылышты қолына алған Пайғамбарымыз ﴿: «Ал енді мен сені өлтірем десем мені кім тоқтата алады»-дейді. Әлгі адам: «Шамасы жете тұра зұлымдық істемейтіндердің ең абзалы болыңыз»-дейді. Пайғамбарымыз ﴿: «Алланың жалғыз екеніне және менің Алланың елшісі екендігіме куәлік келтір»,-дейді. Әлгі адам: Енді адам өлтіруге тырыспаймын, сенімен бірге де болмаймын және сенімен соғысатындардың ішінде де болмаймын,- деп сөз береді. Сонда пайғамбарымыз ﴿ әлгі адамды жөніне қоя берді. Әлгі адам өз қауымына келген соң «Мен адамзаттың ішіндегі ең абзалының алдынан келдім», - деген екен.

Құранда Алла Тағала «Кешірім жолын ұста, дұрыстыққа бұйыр, білместіктен аулақ бол» деп «Ағраф» сүресінің 199- аятында өсиет еткен. Тағы да «Араф» сүресінің 199 аятында: «Кешір, жақсылыққа шақыр және надандардан бетіңді бұр!» деп әмір еткен. «Кімде-кім жауласуын тоқтатып, досына барса, онда ол жақсы әрі Алла алдында дәрежесі көтеріледі» және «Алла Тағала мұсылманның кемшілігін кешірген әрбір жанның өз күнәларын кешіреді» деген хадистер бар. Кешіре білу — сүннет, яғни біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) ұйғарымы. Кешірім беру арқылы мұсылман құлшылық еткендей игі амал жасайды, өз абыройы мен растықты іздеу емес, тыныштық пен татулықты сақтайтын исламның рухын  көрсетеді. Жер бетіндегі пенденің ешбірі күнәсіз емес, әрқайсымыз болсақ та шалыс басып қаламыз, өзімізге немесе басқа жандарға қатысты күнә жасап қоямыз. Біздің міндетіміз — мейірімділік таныту, өзімізге де тән пендешілікті түсініп, шынайы түрде кешіру. Өзгелерге қатысты икемділік танытпасақ, Алла Тағаланың өз күнәларымызға жарылқау беретіндігіне үміт ете аламыз ба? Қасиетті Құранда былай айтылған: «Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар; жақындарына, міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін. Ғапу етіп, кешірсін. Алланың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» (24:22). Адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі - кешірімділік. Алланың адам болмысына берген кешірімділік қасиетін біріміз ұғынсақ, біріміз ескере бермейміз. Кешірім сұрамау мен кешірмеу адам өмірін түпсіз тұңғиыққа тірейтін жағымсыз қасиет.Кешірімді болу – қоғамдағы азаматтардың болашағына сенім артып, оның саналы түрде тәлім-тәрбие алуына қамқорлық көрсетудің көрінісі.

 Тағы бір оқиғаны айтар болсақ: Пайғамбарымыздың ﴿ өзін сиқырлаған Ләбид ибн Ағсам атты яһуди кешіріп жібергендігі жайында Бұхари мен Мүсілімде келген риуаятта Зайд ибн Арқам былай дейді: «Пайғамбарды бір яһхуди сиқырлайды, Пайғамбарымыз ﴿ бірнеше күн ауырады. Сонда бір күні Жәбірейла.с.﴿ келіп: «Сені сиқырлаған еврей бірнеше түйнек түйіп пәлен деген жердегі құдыққа тастады. Бір адамды жібер барып алып келсін»-дейді. Сонда Пайғамбарымыз ﴿ Әлиді р.а.﴿ жібереді. Түйнекті әкеліп шешкен кезде Пайғамбарымыз ﴿ құдды бір байлаудан босағандай бірден өзіне келіп, орнынан тұрады. Сонда Пайғамбарымыз ﴿ ол еврейді кешіреді. Оған бұл нәрсені бетіне баспаған, айыптамаған, ренжімеген, ұрыспаған, тіпті бұл дүниеден қайтқанша бетін көрмеген екен. Міне, пайғамбарымыздың кешірімділігі!»

 

Кешірімділік сипатымен сипатталған адамға қандай сый дайындап қойғанын айтатын болсақ: Біріншіден дәрежеңнің көтеріліп, күнәларыңның кешірілуі. Тирмизи мен Ибн Мәжәдан жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﴿: «Егер адамның денесіне зұлымдықтан болған қандай да бір зиян жеткенде оны кешіріп жіберетін болса, Алла ол адамның дәрежесін көтеріп, күнәсін кешіреді».

Ал қазақы мақал-мәтелдерде «Кешірімділік — анадан, кішіпейілділік — данадан», - деген қазақ халқы асыл қасиеттерді үйретуді Ислам дінінің құндылықтарымен байланыстырған. Сондай-ақ, «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі».

Кешірімді болайық, ағайын!

 

 

Валиев Ахмадулла

Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары