Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла Тағала қандай адамға разы болады?
24 ақпан, 2015 жыл 115 Басып шығару нұсқасы
1328175464_2134Жауап:

Әбу Хұрайра мына бір оқиғаны жеткізеді: «Бірде Алла елшісіне бір адам келіп: «О, Алланың елшісі! Қандай адам құрметке лайық?»-деп сұрады.

Алла елшісі: «Сенің анаң!»-деді. Әлгі адам: «Одан кейін кім?»-деді. Алла елшісі: «Сенің анаң!»-деді. Әлгі адам қайтадан: «О, Алланың елшісі одан кейін кім?»-деп сұрағанда, Алла елшісі қайтадан: «Сенің анаң!»-деп жауап берді. Әлгі адам төртінші рет: «Одан кейін кім?»-деп сұрады. Алла елшісі сонда: «Одан кейін сенің әкең!»-деген екен.

Алла елшісінің сөзіне қарасақ аналардың әкелерге қарағанда үш есе құрметке лайық екенін көреміз. Себебі балаға анасынан асқан жақын адам жоқ және ана баласы үшін өзінде бардың бәрін құрбан етуге дайын. Аналардың махаббаты шынайы, олар Алла разылығы үшін жақсы көреді. Алла үшін мейірім, сабыр, төзімділік танытады. Алланың разылығы үшін балаларының болашағы туралы ойлайды, олар үшін дұға жасайды. Сол себепті де әр бала әрдайым анасына Алла разылығы үшін жақсы қарауы керек.

Аналар балаларын шексіз жақсы көреді, қайтарымына ештеңе сұрамайды. Аналар әрдайым өз балалары үшін өмір сүреді. Сондықтан балалар аналарының сөзін екі етпей, жақтырмаған кейіп танытпауы қажет. Әр баланың есінде Құраннығ мына сөздері сақталуы тиіс: «Сенің Жаратушың өзінен басқа ешкімге бағынбауды  және ата-аналарыңа жақсылық жасауды бұйырды. Егер олардың бірі немесе екеуі де қартайса, оларға: «Туф»-деп дауыс көтерме, оларға құрметпен қара.Олардың алдында мейірімді бол және былай де: «Алла Тағала! Оларды жарылқа, олар мені өсірді ғой»!

Құранда: «Біз адамға ата-анасына жақсылық жасауды бұйырдық. Оның анасы оны құрсағында көтерді, екі жыл емізіп өсірді. Маған және ата-анаңа алғыс айт. Сонда маған жақындайсың»-делінеді.

Аналардың дұғасында кеңдік пен барақат, тыныштық пен бақыт бар. Аналардың қолы мен аяғында болашақ өмірдің мәңгілік бақыты жасырылған. Сондықтан Алла елшісі: «Жұмақ аналардың табанының астында» - деген. Аналардың жүрегінде Алланың разылығы бар.

Пайғамбарымыз: «Ата-анасы разы болған адамға Алла разы болады! Кім ата-анасының ашуына қалса, Алланың ашуына қалады»-деген.

Қарағанды облыстық орталық мешіті

Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары