Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жүкті әйел Алла мен өзінің ерінің разылығына ие болады
03 наурыз, 2015 жыл 75 Басып шығару нұсқасы
 

 Малика Медик 20150303_160104Баланы тоғыз ай тоғыз күн көтеріп дүниеге әкелу әйел баласына берілген ең үлкен нығмет. Ол осылай Алла Тағала өзіне жүктеген ең негізгі әрі ең үлкен міндетін орындайды. Әйел Алла жолымен жүретін адамзат ұрпағын жалғастыруға жауапты. Тақуа әйелдің әр ісі құлшылық болып табылады. Баланы тоғыз ай тоғыз күн көтеру де құлшылық.

Алла Тағала әйелді мейірімді, төзімді етіп жаратқан. Осы қасиеттердің бәрі ана бойынан қалай көрінуі мүмкін? Алла Тағала әйелге адамға ең жақын адам болу мүмкіндігін берді. Бауыр еті баласын құрсағында көтерудің қандай екенін әйел ғана біледі. Баланы дүниеге әкелу кезіндегі ауыртпалықтар үшін алатын сауабы бір Алла ғана аян.. Алла елшісі: «Сендердің Жұмаққа баратын әйелдерің туралы айтайын ба? Олар дүниеге көп бала әкелетін, өзінің еріне пайда әкелетін, егер ері ашуланса келіп қолын қойып: «Сен маған риза болғанша кірпік қақпаймын» -деп айтатын әйелдер»-деген.


Жүкті әйел Алла мен өзінің ерінің разылығына ие болады. Дүниеге келген сәби де ерінің разылығын алуға себепші болып, отбасындағы өзара байланысты бекіте түседі.


Жүктілік – оңай уақыт емес, Алланың разылығын алу үшін сабырлылық таныту қажет, сонымен қатар онда әйелге көптеген жақсылық жасырынған. Құранда: «Біз адамға ата-анасына жақсылық жасауды бұйырдық. Оның анасы оны құрсағында көтерді, екі жыл емізіп өсірді. Маған және ата-анаңа алғыс айт. Сонда маған жақындайсың»-делінеді.


Он сегіз мың ғаламды жаратқан Алла қиындықтар мен сынақтардың өзіне де қайыр берген, жақсылық жасырған. Пайғамбарымыз: «Жүкті, көп туатын, бала емізетін, мейірімді әйелдер, егер ерлеріне жаман болмаса және құлшылық жасаса міндетті түрде Жұмаққа кіреді» - деген.


Жүктілік – бұл үміт пен күту уақыты және қауіп кезеңі. Жүктіліктің жақсы дамуы, дұрыс өтуі Алладан, сондықтан мұсылман әйел бұл уақытта Аллаға барынша жақындауға, өзінің құрсағындағы сәбиін жақындатуға тырысады.


Ананың исламдағы орны ұлық. Мұндай құрметті Алла Тағала әйелдің жүктілік, босану кезінде, бала тәрбиесінде  басынан өткерген қиындықтар үшін жіберген.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова





 


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары