Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Отбасылық құпияны жариялауға болады ма?
19 шілде, 2019 жыл 49 Басып шығару нұсқасы

 

 c910db2cadeb7dd44121f01e6d7b155d_L

Үй – бұл құпия. Отбасының құпиясын сақтау – қоғам құндылықтарының бірі. Отбасының құпиясын сақтауды Пайғамбарымыздың өзі бұйырғанын әр адам түсінуі тиіс.

 

Өкінішке қарай, ой жүйрік, ойдан хабар беретін тіл жүйрік. Ауызға берік болу деген қасиет екінің бірінен табыла бермейді. Мәселен шаңырақ көтергеннен кейін көптеген ер азаматтар өзінің таңдап алған жарына көңілі толмай дос-жаранына отбасында орын алып жатқан екеуінің әңгімесін айта бастайды. Мұндай қылық әйелдер арасында да жетерлік. Ерлеріне көңілі толмай ойындағысын өзгелермен бөлісе бастайды.

 

 

Пайғамбарымыз отбасылық құпияны жариялауға тыйым салған. «Қиямет күні Алланың алдындағы адамдардың ең жаманы түнді өзінің әйелімен өткізіп, ертеңінде оны елге жария қылатындар»-деген. Бұл өте маңызды тақырып.

 

 

Отбасының құпиясын басқалармен бөлісу, бір-бірінің үстінен басқаларға шағым айту ең бірінші құтылуға тиісті қасиетіміз. Адамдар тіпті жұбайы ғана емес, өзінің ата-анасына да көңілдері толмай басқаларға шағым айтып жатады. Сенің өзің отбасылық құпияны, отбасындағы әңгімені сақтай алмаған екенсің, оны айтқан адамың ол құпияны қайдан сақтасын? Себебі ол адамды да азғыратын  шайтан бар. Басы артық айтылған сөз жерде жатпайды. Айтылған бір сөзге екі-үш сөз қосылғанда қоғамда ол отбасы туралы басқа көзқарас пайда болады, басы артық өсек сөзге негіз болады, күні ертең дұшпаныңыздың бетіңізге басып отыратын әңгімесіне де айналып кетеді. Жасыратыны жоқ, мұндай жағдайлар қоғамда, тұрмыс-тірлігімізде бар. Сондықтан да сөзге сақ, ауызға абай болғанның пайдасы зор.

 

 

Сондай-ақ Алла Тағаланың сабырлылық танытатын тақуа ер мен әйелді жақсы көретінін естен шығармаған абзал. Отбасында әр қиындыққа сабырлылық танытып, сыр ашпау да екінің біріне бұйыра бермеген байлық. Тіпті сөзіміз ішімізге сыймай бара жатса сол проблемаларды әркімге бір айтып отырған уақытта дұға оқу, тек Құдайдан көмек сұрап, намаз оқып, құлшылық жасау туралы ойланамыз ба? Жоқ. Көмшілігіміз біреуге жүгіріп баруға, бәрін жайып салуға асығамыз. Аузымыздың суы құрып біреуге айтып отырудың орнына, соған кеткен уақытты құлшылық жасауға жұмсасақ шынында жеңілдігін құдыреті шексіз Алланың өзі берер еді. Себебі сіз сырыңызды бөлісіп, әңгіме айтып отырған адам да әулие емес. Сіз сияқты қолында қауқары жоқ Алланың құлы. Сіз әңгімеңіздің бәрін айтқанмен ешкім сіздің мәселесеңізді шешіп бермейтіні анық. Елдің оған уақыты да, мұршасы да, қауқары да жоқ. Тіпті біреудің отбасындағы ондай әңгімелерге араласып, шешіп беруге кімнің хақысы бар? Ешкімнің. Сіздің отбасыңыз сіз бен сіздің жұбайыңыз құрған одақ және ол екеуіңізден басқа ешкімге керек емес.

 

 

Сондай-ақ отбасылық құпияны, ерінің, не әйелінің кемшілігін ғана емес, өзге адамдардың кемшілігін сөз етпеу, біреуге тасымаудың да маңызы ерекше. Ендеше сәл де болса ауызды бей-берекет сөзден тыйып бір сәт жасап жүрген қылығымыз жайлы ойлансақ қайтеді осы? Бей-берекет сөз емес, ауыздан Алланы мадақтаған сөздер шықса қандай бақыт?!

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары