Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Оқшаулану
23 тамыз, 2021 жыл 457 Басып шығару нұсқасы

Дін - саналы адам пайда болған уақыттан бері адамзатпен жасасып келе жатқан рухани құндылық. ХХ ғасырда дінге қарсы кеңестік идеологияның салдарынан қазақ халқының санасындағы имандылықтың жойылып кетуге шақ қалғаны белгілі. Тәуелсіздіктің бір жеңісі ол халықтың өзінің рухани қайнар бұлақтарына оралуға мүмкіндік алуы. Алайда бірнеше ұрпақ ауысып үлгерген бұл кезеңнің адамдарының санасын өзгерту оңай іс емес еді. Әркім өзі таңдау жасап, қандай бағыттағы дінді ұстануы, ар-ождан бостандығы, жалпы біздің Конституциямызға сәйкес әрбір адамның жүрек қалауына байланысты болды. Алайда Қазақстан зайырлы мемлекет болғанымен жастарды дұрыс бағытта тәрбиелеу үшін мемлекеттік саясатта дін маңызды орын алды. Қазіргі таңда айналадағы  құбылыстар даралықтың бағасы болып табылады. Біз тәуелсіздікке, автономияға және жеке адамға артық құндылық берілетін қоғамдарды тартамыз. Көптеген адамдар ұқсастықтарды табудан гөрі өздерін басқалардан ерекшелендіруге көбірек алаңдайды. Көпшіліктің өзімшілдіктерінің  жоғарылауы басымдыққа айналады. Әлеуметтік оқшаулану – жай ғана өмір салты екенін мойындау мүмкін емес. Бүкіл әлем бойынша зерттеулер нәтижесінде барлығы бірдей қорытындыға келдіжалғыздықты сезінген немесе ауыратын адамдар ауырып, ерте қайтыс болады. Оқшаулану екі жыныста да кездеседі, ал ерлерде біршама басым. Ең қызығы, ол барлық жастағы және барлық әлеуметтік топтарда да бар. Кімде оқшаулану  болуы мүмкін, жалғыз балаларда, өздерін керексіз сезінетін,  65 жастан асқан ересектер, сондай-ақ физикалық ауру немесе шектеуі бар адамдар. Ең бастысы – бұл барлығы дерлік өздерінің жалғыздықтары туралы сөйлесуге кедергі болатын тосқауылы бар жандар. Оларға көмек сұрауға тағы да қиын. Өздерін оқшауланған адамдар деп білу өздерінің имиджін нашарлатуды білдіреді және өздерінің жағдайына қатысты басқа адамдардың салдарынан қорқады. ХХІ ғасыр жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.сонымен адамның оқшауланбай өмірге бейімделіп, жүруі қоршаған ортаға, ұжымына тікелей байланысты.   «Ұжым» деген ұғым тек көпшілік немесе топ адамдар ретінде айтылмайды, бұл, негізінде, қоғамның ісі, қылығы өзгелеріне байланысты деген мағынаны білдіреді. «Ұжым – ортақ бір мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Адамдардың ұжымға бірігуі көбіне бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нәтижесінде асады». Жалпы ұжым – жасөспiрiм адамның қалыптасуында ерекше рөл атқарады. Жеке тұлғаның дамуы үшiн ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан - жақты даму мүмкiншiлiгiн ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Мысалға, балалар ұжымында жекелеген балалардың өзгелермен араласпай, оқшау жүруi, топ мүшелерiнiң кейбiреулердi жандарына жолатпай жүретiндiгiнiң себептерi де сан алуан. Мұндай оқушылар көбінесе сабақты нашар оқиды, тiптi жақсы оқуға талаптанбайды. Оның осы немқұрайлылығы ұжымнан оқшаулануына себеп болады. Бұлар үстi - басына салақ қарайды, кейде қолайлы қарым-қатынас орнатуға немқұрайлылығы олардың жекеленген тума қасиеттерiмен (тұйықтық, ұялшақтық, енжарлық т.б.) байланысып жатады. Қарым-қатынастың бұзылуы мектепке дейінгі және алғашқы мектеп жасында байқалып қана қоймай, соның салдарынан бала өзінің дегеніне жете алмай, айналадағылармен жанжалдасып, үйде, мектепте дұрыс қарым-қатынас түзей алмайды. Осы кері қарым-қатынас баланың танымдық және жеке тұлғалық даму саласына әсерін тигізеді. Қазіргі кезде бұл проблемалар көкейкесті болғанымен, оқшауланудың себептерін анықтайтын эксперименттік зерттеулер өте аз. Дегенмен, психологиялық әдебиеттер негізінде қарайтын болсақ адамдардың ұжымнан оқшаулану себептерін көрсететін көптеген теориялық зерттеулер кездеседі. Баланың ұжымнан оқшаулануының бірінші себебі - бауырбасу. Бауырбасу баланың алғашқы әлеуметтену ошағы болып табылатын - жанұядағы ең басты мүшесі анасымен қарым-қатынасына, оның тәрбие жағдайына, әлпештеу мен мейріміне байланысты туындайды. Балалардың ұжымнан оқшаулану себебін түсіндірудегі олардың жеке басындағы ерекшеліктермен сипатталынатын қасиеттердің бірі –ұяңдық. Ұялшақ, көпшіл емес адамдарды ұяң адам деп те атайды.Ұяңдық әр адамда әр түрлі қырынан байқалады. Біреулерде ол дауыстың өзгеруімен, кекештенумен қатар әрекетінің бұзылуымен байқалса, ал енді біреулерінде интеллектуалдық функцияларының: зейін, ес, ойлаудың әлсіреуінен көрініс табады. Үшінші бір түрі адамды жылауға дейін жеткізетін, дауысын жоғалтып алатын, қызарып немесе бозаруымен сипатталады. Бірақ барлық түрінде ұяңдық: қашып кету, тығылып қалу, байқалмай қалу сезімдерін туғызады. Ал қоршаған адамдардың шектен тыс назары ең ауыр жаза болып көрінеді. Осының барлығы ұяң адамның басынан өткізетін эмоционалдық-тәндік көрінісі болып табылады. Соның әсерінен оқшаулану пайда болып, жалғыздық сезіледі. Қорыта келе айтқанда бала кездегі тәрбие келешекте адам өміріне зор ықпалын тигізеді. Сондықтан да қандай жағдай болмасын өзіңізді еркін ұстауға, әрдайым таңдау өзіңізде екенін ұмытпаңыз. Сіз жеке тұлғасыз естен шығармаңыз!  

 

 

Сыздықов Қанат Қайратұлы,

Жезқазған қаласы, «Ахмет Ишан Оразайұлы»

мешітінің азаншысы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары