Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла елшісінің балаларға деген ықыласы
07 сәуір, 2015 жыл 307 Басып шығару нұсқасы

 6b69e3u-960Ислам тарихы Алла елшісінің ғибратты оқиғаларына бай. Пайғамбарымыз Пайғамбар ғана емес әке, ата болған. Өзінің балалары мен немерелеріне де, басқалардың балаларына да ерекше мейіріммен қараған.


Алла елшісінің балалармен қалай қарым-қатынас жасағанына көз жүгіртейік.  Жамағат намазының бірінші рәкағатында Құранның алпыс шақты аятын оқыған Алла елшісі екінші рәкағатын баланың жылаған дауысын естіп бір қысқа сүремен аяқтайды. Сөйтіп жамағат намазына қатысып тұрған ананың алаңдаушылығын сезіп, оған баласын тыныштандыруға мүмкіндік береді.


Алла елшісі қайда жүрсе де кішкентай балалар оның қолынан жетектеп кез-келген жерге апара алатын, жас балаларды баласынбай олармен қарым-қатынасқа ден қоятын.


Риифи ибн Амр әл-Гыфири есімді баланы пальма ағаштарына тас лақтырғаны үшін ансарлардың бірі ұстап алады. Сахаба әлгі баланы Алла елшісіне алып келеді. Алла елшісі баладан неге олай жасағанын сұрайды. Бала аш болғанын, өзек жалғар тамақ таппақ болғанын айтады. Алла елшісі жымиып, баланың басынан сипап: «Балам енді ағаштарға тас лақтырма, ағаштан үзіліп түскендерін алып жегін»-деген екен.


Бірде Алла елшісі өзінің қызметшісі Анасты қандайда бір тапсырмамен жібереді. Анас жолда балалармен ойнап, кешігіп қалады. Ол кешіккен соң Алла елшісі көшеге шыққан Алла елшісі балалрмен ойнап отырған Анасты көріп оған білдірмей жақындап, жымия тұрып одан тапсырманы орындаған орындамағанын сұрайды. Анас енді бара жатқанын айтады. Міне сабыр! Анас өзі қызмет еткен он жылда  Алла елшісінің өзіне бірде – бір рет зекімегенін жеткізеді. Шынында Пайғамбарымыз әлдекім қате қылық жасап қойғанда қатты ашуланып, түймедей нәрсені түйедей етпейтін. Түсінікті тілмен тек ескерту жасайтын. Умар бин Әбу Саляма есімді бала тамақтану кезінде өзін дұрыс ұстамағандықтан Пайғамбарымыз жай ғана ескерту жасайды. Оның қылығының дұрыс еместігін, және тамақты «Бісмілләдан» бастап оң қолымен өз алдынан жеу керектігін ескертеді.


Сондай-ақ Пайғамбарымыз балалармен қалжыңдасатын. Әсіресе өзінің көз алдында өскен, өзіне он жылдай қызмет еткен Анас, Анастың немере інісімен  ерекше қалжыңдасқан. Алла елшісі мұсылмандардың балалары ғана емес, басқалардың балаларын да бөлектемей бірдей қараған. Соғыс кезінді жау жағының әйелдері мен дін қызметкерлерінен бөлек балаларды өлтіруге тыйым салынған-ды. Алла елшісі ауырып жатқан еврей баласының көңілін сұрап оны Исламды қабылдауға үгіттейді, Әлгі бала әкесінің рұқсатымен мұсылмандықты қабылдайды.


Балалармен бірге ойнаған Алла елшісі екі арада өзара сыйластықты, жақсы қарым-қатынасты орнатуға күш салады. Оларды сүйіп, иіскеп, құшақтап, басынан сипап, қалжыңдасатын, қалын сұрайтын. Ал ауырып қалса барып жағдайын білетін. Балаға деген мұндай қарым-қатынас бала тәрбиесінде үлкен рөл атқарады. Міне осы үлгілерде айтылған ұстанымдар отбасындағы бала тәрбиесі мен білім беруде ескерілуі қажет. Себебі Пайғамбар жолы бізді ешқашан жаңылыстырмайды.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары