Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әйелдің орны әрдайым ас үйде ме?
23 сәуір, 2015 жыл 124 Басып шығару нұсқасы

image-22-04-15-05-52Ықылым заманнан әйел баласының орны - отбасы, ошақ қасында. Ал ер азамат – асыраушы. Бұл әбден қалыптасқан дағды, санаға сіңген салт. Әйел сол орнында ас дайындайды, үйдің тірлігін жасайды, ері мен бала-шағасын күтеді. Одан беріде әлем де, адам да, заман да өзгерді.  Гендерлік саясат әйел затын ерлермен теңестірді. Десекте әйелдің ас үйдегі орнын ығыстыра қойған жоқ. Әйел атаулы күніне алтын уақытын сағаттап ас үйде өткізеді. Себебі отбасы мүшелері үшін күніне 3-4 мезгіл түрлі ас әзірлеу аз уақытта тындыратын тірлік емес. Бұл осылай болуы керек пе?


Жалпы әр уақытты бос, пайдасыз өткізбеген абзал екенін бәріміз білеміз.  Жүрегінде сенімі бар адам ас ішудің де шегін білуі тиіс. Себебі тек қарнын тойдыру адамның бас ауыртқан негізгі мәселесі болмауы тиіс. Хадисте: «Адам ағзасындағы ең жаман ыдыс – асқазан» - делінген. Міне осы себепті де әр адам, отбасының әр мүшесі мөлшерін біліп ауқаттануға үйренгені абзал. Ал әйел адам ас үйде жүріп Алласын ұмытпай, сол дайындап жатқан асын берген Алласына шүкірі мен зікірін айтып, ері мен бала-шағасына ас әзірлесе құба-құп. Себебі отбасындағылар үшін ас әзірлеу де әйел адамға жүктелген құлшылық. Бұл ісі үшін де ерінің разылығын алады.


Бұл әрине күннің атысы, түннің батысы ас үйден шықпау қажет деген сөз емес. Уақытын жүйелі жоспарлап, барлық ісіне үлгеретін шамасы болса жұмысын да істеуге, бала-шағасына да қарауға болады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары